Қарағандыда жедел жәрдем көлігі ер адамды қағып өлтірді
2020 ж. 11 қараша
2377
0
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі жол бойында тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Қаза тапқан кісі 71 жаста болған. Оны жедел жәрдем көлігі жол бойында тұрған кезде қағып кетті.
Дәрігерлер науқасқа асығып бара жатқан.
Полицияда оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Бүгін, 10 қарашада жедел жәрдем көлігінің 51 жастағы жүргізушісі шақыртуға бара жатқан кезде Попов көшесі мен 15 магистраль қиылысынан 30 метр жерде жол бойында тұрған 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Егде кісі жолдың бойында тұрған", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шегуші алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп түсіндірді полиция департаментінде.