Нұр-Сұлтан әуежайынан 4 жолаушы депортацияланды
2020 ж. 16 қазан
1158
0
132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуекомпанияларының 5 ұшағы қонды.
Бортта экипаж мүшелерін қоса есептегенде 573 жолаушы болды. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды.
4 жолаушы депортацияланды.