Денсаулық сақтау министріне қатысты сот шешімі шықты

Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қарсы "Ақтөбе БелАсу" ЖШС-нің шағымын қарады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Өтініш беруші Цойды "Nephrolife Ақтөбе" ЖШС медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының күші жойылғандығы туралы шағымды қарау жөніндегі шаралардың қабылданбауынан деп есептейді.

Сот заңды тұлғаның апелляциялық шағымын қарау тәртібінің сақталуын тексеріп, денсаулық сақтау министрлігі басшысының әрекетсіздігі болмаған деген қорытындыға келді.

"Министрге жолданған шағым "Қызметтік міндеттерді бөлу туралы"  ішкі бұйрыққа сәйкес жетекшілік ететін вице-министр Л.В.Бюрабекованың атына жіберілді. Министрлік өтініш берушіге 2020 жылдың 28 маусымында жауап берді. ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтату министрдің құзыретіне кірмейді", - делінген хабарламада.

Сот лицензияны қайтарып алу туралы мәселені шешу Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне жатады деп тапты.

"Министр өтініш берушінің шағымын қарау бойынша өзіне жүктелген міндеттердің орындалғанын растады, бұл көрсетілген өтініштен бас тартуға негіз болды", - деп толықтырды сот.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.