Елорданың шыға берісіне блок-бекеттер қойылды

Елордалық полиция тұрғындарға туристік аймақтарға барудан бас тарта тұруды ескертеді. Коронавирус ауруының көбеюіне және карантиндік шараларды күшейтуге қарсы күрес аясында туристік аймақтар қазір жабық, деп хабарлайды "Қазақ үні".

Нұр-Сұлтанның шыға берісінде блок-бекеттер орнатылады, онда елордалық полиция қызметкерлері қойылған, олар көліктегі азаматтарға демалыс аймақтарына баруға шектеу енгізілгенін түсіндіреді, сонымен қатар маска режимі мен әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтау керектігі туралы ескертеді.

- Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады.Коронавируспен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайды түсініп, шомылу маусымы өтетін демалыс орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы керек, - дейді Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Госман Жакин.

Соңғы екі күнде Нұр-Сұлтанда мобильді топтар, оның ішінде полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, волонтерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері 50 карантин бұзушылық фактісін анықтады, олардың 29-ы бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтаудың міндетті талабын бұзған және 21 кәсіпкерлік субъектілері тарапынан заңбұзушылықтарды анықтаған.

Заң бұзушылықтар туралы материалдар денсаулық сақтаудың жергілікті атқарушы органына - Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментіне жолданды.

Қазіргі уақытта мониторинг бойынша 16 мобильді топ жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарына, тамақтану орындарына, қоғамдық моншаға, саунаға, аттракциондарға кіріп, иелеріне қолданыстағы карантин шаралары туралы түсінік жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ заң бұзушылықтарды анықтайды.

Заң бұзушыларға қатысты материалдар Нұр-Сұлтан қаласындағы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментіне жолданады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы азаматтарды қоғамдық орындарда жауаптылық танытып, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады, сонымен қатар азаматтарға коронавирустың таралуын болдырмас үшін қала сыртына шықпауға кеңес береді.