Иран АҚШ нысандарына шабуыл жасады
2020 ж. 08 қаңтар
2240
0
Ислам революциясының жасақ корпусы (ИРЖК) генерал Касем Сулейманидің өліміне кек қайтару ретінде АҚШ нысандарына шабуыл жасады, - деп хабарлайды baq.kz.
Иран АҚШ-тың Ирактағы бірнеше әскери нысандарына баллистик зымырандармен соққы берді. Бұл туралы 8 қаңтарда ABC арнасы хабарлады. Ақ үйдегі дереккөздің айтуынша, зымыран соққысынан кейін Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль қаласының маңындағы америкалық нысан, сонымен қатар батыстағы Эйн аль-Асад әуе базасы зардап шеккен. Бұған дейін Sky News Arabia телеарнасы Ирактың батысындағы Эйн аль-Асад әскери-әуе базасына 9 зымыран құлады, деп хабарлаған болатын. Press TV арнасының ақпаратына сүйенсек, ИРЖС әуе базасына шабуылды генерал Касем Сулейманидің өліміне жауап ретінде жасадық, деп хабарлаған. Ондаған зымыран атылған. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. АҚШ президентінің баспасөз хатшасы Стефани Гришэмнің айтуынша, Дональд Трамп Ирактағы базаларға жасалған шабуылдан хабардар.
Біз АҚШ-тың Ирактағы нысандарына жасалған шабуылынан хабардармыз. Президентке ақпарат жетті, ол жағдайды бақылап отыр және ұлттық қауіпсіздік бойынша өзінің командасымен ақылдасады, - деді баспасөз хатшысы.