Президент Ұлттық кеңес мүшелерін қабылдады

Бұл ұйым құрылғаннан бері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдауды тұрақты үрдіске айналдырып, қоғамды толғандырған мәселелерді бірігіп талқылауды қолға алды. «Байтақ болашақ» Эколо­гия­лық альянсы» РҚБ прези­денті Азаматхан Әміртаев­пен кездесу барысында елі­міздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мә­дениетін арттыру мүмкін­діктері секілді мәселелер талқыланды. А.Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және эко­логиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеология­лық саясаты сияқты мәселелер қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін, Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқы­ланып, пысықтау жұмыс­тары жүр­гізілгенін атап өтті. «Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңна­маларға енгізілетін өзге­рістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы шақырылады» – деп қорытындылады Президент. qazaquni.kz