Тоқаев Қостанай облысында тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруды тапсырды
2019 ж. 22 тамыз
2794
3
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы А.Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.