Ақтауда ШЫҰ энергетикалық форумы өтіп жатыр

10708220_711806965580361_1527411160_n Ақтау қаласында бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы іскерлік кеңесінің негізінде (эгида) энергетикалық форум өтуде. Жиынға Ресей, Түркия, Әзірбайжан елінің елшілері, ШЫҰ Іскерлік кеңесінің атқарушы хатшысы, жергіліктц кәсіпкерлер қатысып жатыр.
Форум аясында ШЫҰ елдеріндегі жасыл энергетика тақырыбы талқыланады.
Сондай-ақ конференция аясында "Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Еуразиялық экономикалық кеңес: бірлесе әрекет ету мен координация мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі деп күтіліп отыр.
Форум кешке дейін жалғасады.