Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы жұмысынан босатылады
2014 ж. 23 қыркүйек
1919
0
Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы жұмысынан босатылады
Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Күзембай ЕРҒАЛИЕВ жұмыс орынын босатады. Бұл туралы облыс әкімі Алик АЙДАРБАЕВ қыркүйектің 22-сі күні өткізілген кезекті аппарат мәжілісі барысында мәлім етті.
Аймақ басшысының сөзінше басқарма басшысы өзіне жүктелген міндетті өз деңгейінде атқара алмай отыр.
-Облыста мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласындағы ахуал өте күрделі. Мемлекет тарапынан қарастырылған көмек шопандар мен диқандарға жетпей жатыр. Еңбекшілер мемлекет қамқорлығын сезінбей, барлық қиыншылықтарға өз күштерімен ғана қарсы тұрып жатыр,- деді облыс әкімі жиын барысында.
Басқарма басшысының жұмысын нашар деп бағалаған аймақ басшысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысын өз қызметінен шеттету туралы шешім қабылдағанын айтты.
Естеріңізде болса, Күзембай Ерғалиев басқарма басышысы қызметіне 2013 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келген болатын.