Асқар Мырзахметов "Мәңгілік даңқ" шеруінде орыс ардагерінің портретін ұстап шықты

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов "Мәңгілік даңқ" шеруіне қатысты, - деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бұдан кейін «Қаһарман ұлт-Бессмертный полк» шеруі өтті. Шеруге қатысқан 2 мыңнан аса адам А.Сухамбаев ескерткішінен Д.Қонаев – І.Жансүгіров көшелері арқылы Жеңіс саябағына дейін жүріп өтті.

Бұдан соң өңір басшысы Асқар Мырзахметов, облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсаиновтың қатысуымен «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлы ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті.

Ол «Ерлік» мемориалды кешеніндегі мерекелік шарасына жалғасты. Мерекелік шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы құрбандарын, жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыс әкімі жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бейбіт күннің бағасын білуге шақырды.

Бұл күнгі іс-шараларға барлығы 11 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Атап өтерлігі, Асқар Мырзахметов «Мәңгілік даңқ» шеруінде Гончаров Павел есімді орыс ардагерінің портретін ұстап шықты. Әкімнің қолында орыс ардагерінің портреті тұрғаны суретті үлкейткенде анық көрінеді және ондағы ардагердің есімін де дәл солайша оқып білуге болады.

Еске сала кетейік, Ресейден бастау алатын "Мәңгілік даңқ" шеруінің негізгі мақсаты - әркім соғысқа қатысқан өз атасының, не туысының суретін алып шеруге шығады.