Мәскеуде ұшақ өртенді: 41 адамның мерт болғаны хабарланды
2019 ж. 06 мамыр
3285
0
Мәскеудегі ұшақ өртенді. Ресейдің тергеу комитеті 41 адамның қаза болғанын мәлімдеді, - деп жазды stan.kz.
5 мамырда Мәскеуден Мурманскке ұшып бара жатқанSukhoi Superjet 100 ұшағы борттағы қиындықтарға байланысты Шереметьево әуежайына оралуға мәжбүр болды. Қону кезінде ұшақта өрт болды.
Ұшақта 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болды. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің дерегі бойынша, 41 адам қайтыс болды. Олардың ішінде балалар бар.
6 адам жарақат алды, олардың үшеуі қарқынды терапияға жатады. Зардап шегушілер ингаляциялық жарақат алып, денесі күйді, иістен уланды.
Қаза болғандардың арасында бір бортсерік Максим Моисеев бар. Ол қайғылы оқиға кезінде жолаушыларды ұшақтың артқы жағынан алып шығуға тырысып, соңына дейін салоннан кеткен жоқ. Алдын ала деректер бойынша, ол иіске уланып өз жұмды.
Еске салайық, ұшып шыққаннан кейін 28 минуттан соң "Аэрофлот" компаниясының ұшағы Мәскеуге кері қайтты. Ауыр қонуға байланысты шасси зақымданып, қозғалтқыш өртеніп кетті.