Назарбаев: Жұмыс толып жатқанда, әйелдердің денесін сатып ақша жасағаны ұят

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға әйелдерді аялауға кеңес берді. Айтуынша, өз қызын қорғамайтын елдер жойылып бара жатыр, - деп хабарлайды stan.kz.

Мемлекет басшысы Қытай елін мысалға келтірді. Онда ерлер санының әйелдерден 60 млн-ға көп екенін айтты.

"Олар жұп табу үшін өзге елдерге кетеді. Елде әйел аз болған сайын, ұлт жойыла береді. 3000-жылға қарай қызы аз ұлттардың жойылатыны айтылып жатыр. Бұл туралы ойлау қиын. Сондықтан қыздарыңызды аялаңыздар", - дейді елбасы "100 жаңа есім" жобасының екінші сатысының салтанатты өткізілімінде.

Мемлекет басшысы жастарды жұмыс істеуге шақырды.

"Мен жастарға үнемі айтып отырам. Үй тазалау ұят емес, жұмыссыз жатқан ұят. Жұмыс толып жатқанда, әйелдердің денесін сатып ақша жасағаны ұят", - дейді Назарбаев.

Қазақстандық "100 жаңа есім" жобасы елде екінші жыл қатарынан жүргізіліп жатыр. Биыл жоба жеңімпазданының саны 29 еді. Олар әр салада жетістікке жеткендер. Биыл жобаға қатысуға ел аумағынан 2388 адам өтініш білдірген.