Атыраудағы мал ұрлықтарында облыс әкімі орынбасарының есімі аталды
2019 ж. 14 қаңтар
4585
0
Атырауда жыл бойы қолды болып келе жатқан мал ұрлығында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасарының есімі аталды, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі ">31-арнаға сілтеме жасап.
Нақтысы, лауазымды шенеуніктің інісі бірнеше рет жылқымызды барымталады деген күдікке ілінгенімен құзырлы органдардан құтылып кетеді дейді малшылар.
«Малымызды айдап әкетіп жатқан ұрыларға тосқауыл жоқ» деген үш бірдей ауданның жылқышылары жиналып, наразылыққа шықты.
Атырай облысына қарасты Махамбет, Исатай, Махат ауданының малшылары төзімі әбден таусылғасын БАҚ өкілдеріне шағымдарын айтты.
«Ол азамат бұрын заң қызметінде жұмыс істеген. Яғни, бұрынғы полиция қызметкері. Оны бұған дейін пара алып сотталған дейді. Қазір естуіміз бойынша, ол жігіт мына қылмыстан да құтылып кеткен екен. Енді оның ағасы облыс әкімінің орынбасары ғой»,- дейді жылқышы Биғали Мутиев.
Өңірдегі полиция өкілдері болса барымташының ұсталып, тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын растады. Дегенмен, күдікті жәбірленушіге өтемақы төлеп, екі жақ ымыраластыққа келсе оларды жазадан босатуға мәжбүр болатындарын айтты.