"Засретесь здесь без русских": Қазақтарға тағы да тіл тигізді

Бірер күн бұрын Facebook әлеуметтік желісінде Вероника Шишова есімді қолданушы қазақтардың ар-намысына тиетін пікір жазды деген скриншот тарады. "Орыстарсыз күндерің қараң" деген оның сөзі қатты талқыланып жатыр.

«Орыстарсыз күндерің қараң. Өздеріңнің киіз үйлеріңнен шыға сала қиналатын боласыңдар. Бұл сендердің тағдырларың. Дәл сендер секілділер үшін орыстар мұнда қалмады. Неге екенін орысша жазасыңдар тағы. Қызық. Ал ана тілдеріңді дұрыс білмейсіңдер де. Сендер секілді...» деп жазған Вероника Шишова.

[caption id="" align="aligncenter" width="540"]Жазба Ⓒfacebook.com[/caption]

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Адилям Ушурова мен Владимир Вожжов та желіде қазақтарға, қазақ қыздарына тіл тигізген болатын. Екеуі де қазақтардан кешірім сұрап, жазбаны басқа біреу жазды деп ақталған болатын.

«Қамшы»