Бүгiн Ақордада Қазақстан Тәуелсiздiгi күнiне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ерен еңбегiмен ерекшеленген азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, «Жақсылық» ШҚ басшысы Жақсылық Үшкемпіров бар. Даңқты палуанға «Еңбек ерi» атағы берiлдi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Елбасы Жақсылық Үшкемпіровпен қол күрестірді (ФОТО)
2017 ж. 15 желтоқсан
4826
17
«Жақсылық Үшкемпіровты бәріңіз білесіздер, ол даңқты палуан, дүниежүзі және Олимпиада ойындарының чемпионы. Халқымыздың атын сол кезден танытып келе жатқан азамат. Бүгінгi күнi ірі шаруашылығын басқарып, ауылды өркендетуге еңбегін 20 жылдан бері сіңірiп келе жатыр. Өзі басқаратын шаруашылықты жоғары дәрежеге жеткізді. Ол шығаратын ет бүгінде Ресей, Қырғызстанға, шетелдерге сатылуда. Елдің арасында абыройы үлкен. Қазір өз жұмысын орындап қана қоймай, туған еліне адал қызмет етудің үздік үлгісін көрсетіп келеді. Өз қаржысына ауылда көпсалалы спорт кешенін, балабақша, жас отбасыларға үй салғызды. Мұнан өзге де үлкен нысандар салып, ауылдағы елдің алғысына ие болды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал, Жақсылық Үшкемпiров Мемлекет басшысына алғыс бiлдiрiп, қазiр ел жастарына спортпен айналысуға барлық жағдай жасалғанын айтты.
«Қазiр мен Жамбыл ауданына қарасты ауылға газ тартқызып, спорт кешенiн, балабақша мен қолжетiмдi пәтер салып жатырмын. Жетiм-жесiрлерге көмектесiп келемiн. Бұның барлығымен келешек ұрпаққа өнеге болсам деймiн. Солар мен сияқты артымнан ерсе деймiн. Менiң арманым бар. Бiзде көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Сондағы 5 мың қазақтың жiгiтi ауылдарын көтерiп жiберсе, одан басқа қандай бақыт керек? Бiз бiрiгiп, әлi талай шыңға жетемiз», - дедi Үшкемпiров.
Назарбаев сөз соңында тәуелсiздiк жылдары байып, қалталы болған азаматтар Жақсылық Үшкемпiровтен үлгi алсын дедi.