Қазақ жұмысшылары 2 миллион теңге жалақы алуы тиіс
2017 ж. 21 қыркүйек
6665
12
Кен орындарда жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының жалақысы әлі күнге дейін төмен. Қазақ жұмысшылары шетелден келген мамандардан әлдеқайда аз айлық алады.
Бұл туралы Айдос Садықов есімді желі қолданушысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
- Кен орындарда шетелдің әр түрлі елінен келгендер көп жұмыс істейді. Біздің мамандар біліктілік жағынан олардан еш қалыспайды. Бірақ, негізгі инвесторлар ENI, SHELL, BG, Lukoil компаниялары болғандықтан шетелдіктер айына 15-20000 алады. Жергілікті жұмысшылардан бірен сараны ғана жоғары жалақы алады. Өзге елдерде алдымен өз азаматтарының қамын ойлайды. Жақсы жалақы мен әлеуметтік пакет береді. Тек сосын барып қана шетелдіктерді жалдайды. Мәселен Араб елдері үшін біз қазақстандық төлқұжатпен В немесе С категориясы бойынша төменгі дәрежеліміз. Ал Қазақстанда бәрі керісінше. Шетелдіктерге қыруар ақша төлнуге дайын.
Логистика бойынша А категориялы маманды алсақ жергілікті қызметкер сағатына 27 евро алуы тиіс. В категориясы бойынша қызметкерге (Еуропа, АҚШ) сағатына 95 евро тиесілі. Қалған С категориясындағылар (Ресей, Түркия, Румыния, Үндістан, Корея, Филиппиндер) сағатына 43 евро алады. Келісім-шартта осылай жазылған. Бірақ жергілікті мамандар ол ақшаны да көрмейді! Егер күніне 8 сағат деп есептесек айына 168 сағат= 168*27 евро*404(евро бағамы) Онда біздің мамандар айына 1 832 544 теңге алуы тиіс, - деп жазды Садықов.
qazaquni.kz