БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫН САҚТАП ҚАЛУ КЕРЕК
2017 ж. 11 шілде
2192
0
Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі Б.Ә.СағынтаевқаДепутаттық сауал
Елбасының жеке тапсырмасымен құрылған балалар емдеу-сауықтыру орны шенеуніктердің алдында дәрменсіз болып шықты – «Ақ жол» қант диабетімен ауыратын балаларға арналған республикадағы жалғыз Орталықты қорғап қалуға қолдау көрсетті. Құрметті Бақытжан Әдбірұлы! «Ақ жол» партиясына 1995 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей қатысуымен құрылған Шығыс Қазақстан облысынан «Октябренок» балалар орталығының (ары қарай-Орталық) ұжымы хабарласты. Қазіргі таңда бұл емдеу-сауықтыру орталығы ауыр науқаспен: демікпе, аллергия, жүрек, бүйрек паталогиясымен және т.б. аурулармен ауыратын балаларға арналған. Сонымен бірге, қант диабеті проблемасы бар балалармен айналысатын республикадагы бұл жалғыз Орталық осы жылдар бойы Қазақстанның барлық аймағынан емдеуге балалар қабылдайды. Ұлттық тіркелімнің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2016 жылдың қазан айында барлығы 3 327 балада қант диабеті ауруы анықталған. Және эндрокиндік аурулары бар балалардың саны үнемі өсуде: мысалға, тек Шығыс Қазақстанда 2 жыл бұрын есепте 193 бала болған, ал 2016 жылы – 249 бала тіркелген. Бұл сұм ауру, тамырларды, жүйке жүйесін зақымдап, инфаркт, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Бұл ретте диабет мемлекеттің түзету-қолдау көрсететін бұзушылық тізіміне енгізілмегенін атап өту керек. 22 жылдан бері Орталық әлсіз балаларға қолдау көрсетіп келе жатыр, кішкентай емделушілер ем-шаралар, жаттығу құрылғыларын, қант деңгейін бақылайтын құралдарын алу үшін халықаралық ұйымдар мен демеушілермен жұмыс істейді. Бірақ, қазір Орталықтың көпжылдық қалыптасқан жұмысы қиындық құрсауында қалды – сауықтыру кешеніне жабылу қаупі төніп тұр. Өйткені, 2013 жылы БҒМ типтік мекемелер туралы бұйрық шығарды, ал Орталық бұл стандарттарға сай келмей және типтік емес болып шықты. 2016 жылдың көктемінде қалалық білім беру бөлімі орталықтың енді осы күнге дейін қаржыландырылған бағдарламаға сәйкес келмейтіні туралы мәлімдеді. Орталық пен Диабеттік қауымдастықтың ең жоғары сатыдағы инстанцияларға барлық өтініштері нәтижесіз қалды. Орталыққа өз қызметін қосымша білім беру ұйымы ретінде жалғастыру ұсынылды және дәрігерлер, тәрбиешілер штаты қарастырылмаған, балаларды тамақтандыру және толық күнге қабылдауға болмайтын бағдарламаға ауыстырды. Ұжымның Орталықтың мәртебесі мен бағдарын сақтап қалу күресінің нәтижесінде бұзушылықтарды анықтауға арналған көптеген тексерістер болды. Бұзушылықтардың қатарына басқа елді мекендердің балаларына медициналық қызмет көрсетуді де жатқызды. Ал 2016 жылдың қараша айында директорға әкімдіктің қаулысына кедергі келтіру ниеті үшін қатаң сөгіс жарияланды. 2016 жылдың 12-ші желтоқсанында облыс әкімінің орынбасарынан хат келді, онда Орталықтың қызметі қосымша білім беру функцияларына қайшы келеді, себебі, мекеме қосымша білім беру қызметтерін көрсетпейді және ол мамандандырылған интернат ретінде облысқа ауыстырылады деп айтылған. Үстіміздегі жылдың 6-ші сәуірінде Орталыққа «Балабақша-мектеп-«Тұмар» интернаты» облыстық мекемесі деген мәртебесі берілді. Сыныптар, кітапхана, спорт залын ашу, білім беру қызметіне лицензия алу ұсынылды. 4-ші мамырда облыс әкімдігінің қаулысы бойынша Орталықты қайта қалаға қайтарды, ал қалалық білім беру бөлімі оны бөбекжай, балабақша, сауықтыру лагері ету сияқты жаңа нұсқаулар ұсынуды бастады. Бірақ Орталықтың ғимараты мен ауданы балабақшаға жарамайды: ғимарат медициналық және емдеу бөлмелеріне арнап жасалынған. Ал сауықтыру лагері балаларды тек 6 жастан бастап қабылдай алады және медициналық қызметкерлері болмайды. Сәуір бойы Орталық басшылығы Астананың түрлі кеңселерін кезумен өткізді: қоғамдық қабылдау, БҒМ, уәкілдер бойынша құқықтар, басқалары. Және Орталық басшылығының барлық өтініштері Астанадан ШҚО әкімдігіне және облыстық прокуратураға қайта түсті... Елбасының жеке тапсырмасымен құрылған, қиын қыстау 90-шы жылдары аман қалған, үлкен еңбекпен тиімді оңалту жүйесін қалыптастырған Орталық бүгінде бюрокартиялық былықтар алдында дәрменсіз. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Сізден қалыптасқан жағдайды шешу және балалар емдеу-сауықтыру орынының мәртебесін сақтап қалуына жәрдем көрсетуді немесе Орталықты мамандандырылған түзету немесе оңалту ұйымдары қатарына қосуды сұраймыз. Құрметпен, «Ақ жол» депуттаттық фракциясы qazaquni.kz