Сәуір айының ортасында күн +25 °С дейін ысиды
2017 ж. 04 сәуір
3774
2
«Қазгидромет» РМК сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, көктемнің екінші айының ортасында еліміздің оңтүстігінде күн жылынып, сынап бағанасы +25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Baq.kz.
Сәуір айы суық, желді ауа райымен басталады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және көктайғақ болады.
Ауа температурасы:
батыста – түнде 2...10 градусқа дейін аяз, күндіз 0...8 °С жылы;
еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнде 5...15°С дейін аяз, күндіз 0...8 °С дейін аяз;
оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0 ... 5 °С, күндіз 5 ... 13 °С жылы.
Бірінші онкүндіктің соңына қарай Орталық Азия аумағынан жылы ауа массаларының ығысуынан күн жылынады, оңтүстікте тіпті ыстық болады деп күтілуде.
Термометр көрсеткіштері күндіз:
солтүстікте 8 ... 15 градусқа дейін жоғарылайды;
оңтүстікте 18 ... 25 градусқа дейін жылы болады.
Алайда екінші онкүндіктің ортасында солтүстік пен орталықта, ал екінші онкүндіктің соңында оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста күн суытып, жауын-шашын болады деп болжануда.
Бұл кезде ауа температурасы:
еліміздің солтүстік жартысында түнде 2°С аяз, күндіз 3...8 °С жылы;
оңтүстік жартысында түнде 3...10 °С жылы, күндіз + 10...15 °С.
Алдын ала болжамға сәйкес, сәуір айының үшінші онкүндігінде жылы және жаңбырлы күндер басым болады:
Ауа температурасы:
солтүстік жартысында түнде 5 ... 10°С, күндіз + 10 ... 15°С дейін жоғарылайды;
оңтүстік жартысында түнде +10 ... 15°С, күндіз +15 ... 20°С.
Осылайша, орташа айлық температура Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, Қостанай облысының батыс бөлігінде қалыпты нормадан 1°C төмен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 1°С жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде болады деп болжанып отыр.