Тағы екі шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алғаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Тағы екі шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталдыАқмола облысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ж. Қалабаевтың қылмысы әшкереленді. Ол құрылыстық мердігерлік шартын жасауға жең ұшын беру үшін 2,5 млн теңге сомасында пәтерді жөндеу түрінде мүліктік пайда таппақ болған.

Ал Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бекеті бөлімінің басшысы С. Шегай ұсталды. Ол 5,5 млн теңге мөлшерінде анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шаралар қолданбау үшін кәсіпкерден 3 мың АҚШ доллар пара алған.

Қазіргі уақытта екеуі де ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.