Екінші сынып оқушысы Назарбаевқа жүрек тебірентер хат жазды (фото)

Желіде шымкенттік бүлдіршіннің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хаты пайда болды жəне оқушының жазбасы көпшіліктің таңданысын тудырды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Шымкенттік бүлдіршін Назарбаевқа жүрек тебірентер хат жазды (фото)Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектептің 2 сынып оқушысы Рамазан Бугебай президентке жүрек тебірентер хат жазды. Онда бүлдіршін бүгінде еліміздегі бала ұрлығы мен оларға көрсетіліп келе жатқан зомбылыққа алаңдаушылық танытқан.

"... Мені анам далаға жалғыз жіберуге қорқады. Ойнатпайды. Өйткені қазір ойнап жүрген балаларды ұрлап əкетіп, ұрып, қинап өлтіріп жатқандар көп. Содан қорқады. Нұрсұлтан ата, барлығы сіздің айтқаныңызды істейді ғой. Айтыңызшы, балаларды өлтірмесін, біз алаңсыз ойнайық. Сізге үлкен рахмет",  - делінген бүлдіршіннің хатында.

Оқушы Рамазан Бугебай бұл хаты Назарбаевтың қолына жететініне сенім білдіріп, елбасыны Тəуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтауын да жазуды ұмытпапты. Сонымен қатар ол мемлекет басшысынан гидроскутер сыйлыққа алғысы келетінін де жазған.