Атамқұловтың кезінде қызметінен қуылған Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі сотта жеңіп шықты

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Альбина Елшиева өзін жұмыстан заңсыз босатқандарды сотта жеңіп шықты деп хабарлайды oinet.kz.

Атамқұловтың кезінде қызметінен қуылған Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі сотта жеңіп шықтыБұған дейін ақпарат құралдарында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Альбина Елшиеваның сот төрелігіне жүгініп, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігімен соттасып жатқаны айтылған еді. Енді, міне, бүгін экс-басшының сотта жеңіске жеткені белгілі болды. Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты (судья А.Сапашев) талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырған.

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Альбина Елшиеваны қызметінен босату туралы 9 наурыз 2016 жылғы өкімі заңсыз деп танылсын және ол Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы қызметіне қайта орналастырылсын», - делінген сот шешімінде.

Айта кетейік, Альбина Елшиеваны білім басқармасы қызметінен босату туралы өкімді облыстың сол кездегі әкімі Бейбіт Атамқұлов шығарған.