АРҒЫМАҚ
2016 ж. 18 тамыз
4051
6
«Ақ жолдың» Болаты елуде!
«Елу деген ердің жасы еңселі, елу деген парасаттың өлшемі» дейді қазақ. Осы бір жарты ғасырлық ғұмырдың биігіне шығып, өткеніңе үңілсең артыңдағы сан соқпақ шиырлаған ізді көресің. Адам баласы осы ғұмырды әр түрлі өткізеді. Біреу мәнді, біреу мәнсіз... Ел ағасы болған елу жастың парасат биігіне жеткенін өлшеу үшін айналаңдағы досыңмен, істеген ісіңмен ғана бағалай аласың.Болат Өтепбаев осындай азаматтың бірі. Бала кезінен тарихшы болуды армандаған. Кейін заман ағымына қарай ол ойын өзгертіп, КазГУ-де саясаттанушы мамандығын алып шыққан. Бірақ, саясат пен кәсіпкерліктің бір-біріне жақын екенін түсініп, Еуразия нарық инситутының дипломын алған. Қазір қос мамандықты дөңгелентіп отырған бесаспап азамат. Қазақстан Республикасы «Құрмет» орденінің, «Астана» және басқа да көптеген медальдардың иегері. Елбасының қолынан алған алғысхаты тағы бар.Жақсы жігіт үш жылдығын алдын ала болжай біледі емес пе. «Мен саясатпен айналыспаймын, саясат менімен айналысады» деген сөз Болат Орынбекұлының ішкі толғанысын дөп басса керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нарықтың тілін біліп, іскерлікпен көзге түскен ол жемісті еңбек етті. Ер жігітке тән тағы бір мінезі – оның атымтай жомарттығы. Бұл жөнінде ауыз толтырып айтарлық мәрттігі көп-ақ. Жалғыз мысал, талай жылдан бері сырлас болған досы белгілі журналист Арман Сқабылұлының «Өкпелемеші» атты кітабының шығуына мұрындық болғанын айтсақ та жетеді. Одан басқа да қаншама қарапайым адамдар осынау мейірбан жанның шарапатын көрді.Өмір сапарында сүрінбей биікке шығып, тұғырға қонған азаматтың табысты ғұмырының бір кілті – ұшқан ұяда көрген өнегесі. «Әке көрген оқ жонар» деп осындайда айтса керек. Болат Орынбекұлының ел сыйлайтын азамат болуына әке тәлімі мен ана тәрбиесін айрықша тілге тиек етуге болады. Адал еңбекке баулыған әке үміті мен бауырмалдыққа жетелеген ананың ақ сүті ақталған. Бүгінде айрандай ұйыған отбасы, тату-тәтті туыс – бауырларының көшбасшысы да дәл өзі. Қасиетті қара шаңырақ дейтін қазақы ұғым ол үшін бәрінен биік. Қазақта «көргенді» дейтін қасиетті бір ауыз сөз бар. Бұл сөзді кім көрінгенге теліп, жалпы мақтан қылуға да болмайды. Ал осы сөзге лайық азаматтарды оның қызметтік жолында нұсқауын көріп, шапағатын ұғынғандар ғана шын бағасын бере алады. Бүгінде Болат Орынбекұлы өз ұжымының бір уығы ғана емес тірегі болған. Ұжым ол үшін өзінің жүрек-бауыры. Ердің жасы елуіңіз құтты болсын, «Ақ жолдың» Болаты!
К.Мәди
АРҒЫМАҚАбзал азамат БОЛАТ ӨТЕПБАЕВҚА
Туған күн достар үшін белгілі күн,
Есеп берер еліңе келді күнің,
Ердің жасы - Елуге келген ерді,
Ел болып құттықтайық енді бүгін.
Ел білер Еңбегіңді бұл күнде ерен,
Жайсаңсың еш бір жерде іркілмеген.
Шешілсін, шешілмесін шаруамыз,
Ырза ғып жібересің күлкіңменен.
Есебін бұл өмірдің сезіп жетік,
Келесің бәріне де төзіп, бекіп.
«Өкше басар ініңмін»-деп қоясың,
Жүрме әйтеуір өкшемді езіп кетіп...
Бірісің саңлақ туған саналы ердің.
Өзісің ғой қас жүйрік қарагердің.
АРҒЫМАҒЫҢ әрдайым оза шауып,
Қаржының министрі бола бергін!
Бүгінгі күн керемет, сізге ерек күн!
Ізгілікті әрдайым іздеп өткін.
«АҚ ЖОЛ» десе, бітеді бізге де екпін.
Екі жиырма бес деген - екі есе күш,
Атыңа сай мықты боп, Жүзге жеткін!
Қазыбек ИСА
18 тамыз 2016 жыл