Сыр бойында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

сыр «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының жетекшілігімен бүкіл облыс көлемінде үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрғындармен кездесулер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы Мәжіліс депу­таттығына үміткер Алмас Тұртаев бастаған ақжолдықтар Қызылорда қаласындағы мекемелер мен кәсіпорындарда, «Жайна» және өзге де сауда орталықтарында кездесулер өткізіп, тұрғындарды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. «Қолдан-қолға» акциясы аясында депутаттыққа үміткерлер бейнеленген плакаттар мен өзге де көрнекі құралдар таратылды. Әсіресе тұрғындар арасында қазақтың шынайы үніне айналған, ұлттық мүддені ұран етіп, Алаш идеяларын тұрақты түрде насихаттап келе жатқан республикалық «Қазақ үні» газеті үлкен сұранысқа ие болды. Қазақи өңірлерде кеңінен таралатын бұл басылымның Қызылорда облысында да тұ­рақты оқырмандары өте көп. Алмас Тұртаев және партияның облыстық филиалы белсенділері 12 наурыз күні Сырдария өзені бойын қоқыстан тазартып, қала тұрғындарымен бірге үлкен сенбілік өткізді.

«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық баспасөз қызметі

"Қазақ үні" газеті

Мақалалардың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.