Қазақсыз ба, әлде, қазақстандықсыз ба?!.

Алматыда танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері Think Tank#8 отырысында ұллтық сәйкестік мәселесін талқыға алып, “ел тұрғындары өздерін қазақ, әлде қазақстандық деп атауы керек пе?” деген сауалға жауап іздеді.

флаг1

“Біз “қазақ ұлтын” құрауға міндеттіміз. Бұл филологиялық тұрғыдан дұрыс болып қана қоймай, тарихи тұрғыдан да оңды іс. Бұл заң тұрғысынан да дұрыс қадам. Бұл ұлты қазақ емес ел тұрғындарының құқықтарын аяққа таптатын қадам ба? Жоқ, тағы да жоқ”, – деп мәлімдеді саясаткер Айдос Сарым.

Мысал ретінде Өзбекстан мен Тәжікстан елдері келтірілді. Аталмыш мемлекеттерде “өзбекстандық”, “тәжікстандық” деп атау бұрыс саналады. Олар орнына “өзбек” немесе “тәжік” деп айта береді. Сонымен қатар қай ұлтқа жататынына қарамастан, Францияда барлығы француздар, Испанияда испандар деп аталатынына да баса назар аударылды.

Егер сіздер “қазақ” сөзіне келіп тірелетін болсаңыздар, 40 пайыз тұрғындардың бұны қуана қабылдауы екіталай

Саясаткерлердің ойынша, еліміздің әр азаматы қазақ деп аталып, егер ұлты басқа болған жағдайда “шығу тегі татар болып келетін қазақ” деген сияқты сөздер қолданылған жөн.

“Қазақстандықтар” деп аталуын қолдайтындар да бар. Мәселен “ТАҢ” медиатобының иесі Арманжан Байтасов “қазақ” деп аталуына толықтай қарсы екенін жасырмады.

“Себебі, шығу тегі корей болып келетін қазақ деп айтып отыру ауыр естіледі”, – деп санайды Байтасов.

“Егер адам еркін, көркем әрі ыңғайлы Қазақстанда тұрғысы келсе, оның қазақ немесе қазақстандық деп аталуында тұрған маңызды ешнәрсе жоқ. Басты мақсат – жемқорлыққа жол берілмейтін, дұрыс, қалыпты мемлекет құру. Егер сіздер “қазақ” сөзіне келіп тірелетін болсаңыздар, 40 пайыз тұрғындардың бұны қуана қабылдауы екіталай. “Шығу тегі орыс болып келетін қазақ” деп аталуға қарсылық білдіретіндер де баршылық. Тіпті Ресей де “ресейлік” сөзін қолданады. Олар Омбыда тұратын қазақтарды “шығу тегі қазақ болып келетін орыс” демейді ғой. Ол шығу тегі қазақ болып келетін ресейлік”, – деп пікірін білдірді Арманжан Мерекеұлы.

“Ресей – федералдық мемлекет. Ол көптеген автономиялы, ұлттық республикалардан құралған. Ал Қазақстан – унитарлы мемлекет. Бұл жағдайда әңгіме өзін “нағыз қазақ мемлекеті” деп атауға келетін қазақ жеріне келіп тіреледі. Мен де бұл орайда азаматтық ұлт ұғымы Қазақстанда туғанын мақтан тұтатын, өзге ұлт өкілі екеніне қарамастан, болашағын Қазақстанмен байланыстыратын азаматтардың өзін қазақ деп атауына келіп саяды деп санаймын. Қазақ болу үшін ұлтың қазақ болуы міндетті емес”, – деп түйіндеді саясаткер Расул Жұмалы.

Егер адам еркін, көркем әрі ыңғайлы Қазақстанда тұрғысы келсе, оның қазақ немесе қазақстандық деп аталуында тұрған маңызды ешнәрсе жоқ

Осы орайда NUR.KZ порталы оқырмандары арасында сауалнама жүргізіп, 4000-ға жуық тұрғындар бұл мәселеге өз көзқарастарын білдірді. Нәтиже бойынша “Қазақстандық” атауын қолдайтындардың саны “қазақ” атауына жақтастардан басымырақ түсті. Ал дауыс берушілердің 3 пайызына өздерін қалай атаса да бәрібір болып шықты.

голосование1

NUR.KZ порталындағы сауалнама нәтижелері

Дереккөз: Nur.kz