Қарағандыда тұрғындар көшеге Жаяу Мұсаның атын беруге қарсы шықты

Қарағанды Кеңес одағынан қалған кертартпа атаулардан арылуда. Қалада қазір көше аттарын ауыстыру науқаны басталып, жұрттың ұсыныстары дауысқа салынып жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алайда коммунистік дәуірден бері келе жатқан алғашқы төрт көшенің атауын өзгертуге өңешін жыртып қарсы шыққандар болды.

Шахтостройтельная және Октябрь революциясының 40 жылдығы атындағы көшелерге Қарағанды өңірінде түрлі басшылық қызметте болған Сопыжан Әшляев пен батыр Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру мәселесі ың-шыңсыз қолдау тапқан.

Алайда Новоселов көшесіне Жанқожа батырдың есімі ұсынылғанда, әлгі көше тұрғындарының төбе шаштары тік тұрды. Бірі ескі атауға тиіспеңдер десе, екіншілері Жанқожаның Қарағандыға сіңірген еңбегі жоқ деп тулады.

Архитектурная көшесіне ұсынылған Жаяу Мұса есімі де осының кебін киіп біраз дау болды. Ұзақ айтыс-тартыстан соң залға жиналған 70-ке тарта адамның басым дауысымен 4 көшеге ұсынылған жаңа есімдер мақұлданды.

Бірақ, қарасы сирек қарсы тарап, енді атау өзгерту мүлдем доғарылсын дегенді де айтып қалды.

Источник: КТК арнасы