«Азия-Авто» компаниясы – біздің Тәуелсіздіктің төл тумасы»

Завод-АЗИЯ-АВТО-Казахстан-100-тысячный-автомобиль-1-Фото-пресс-служба-БИПЭК-АВТО-АЗИЯ-АВТО

Азат Перуашев 100 000-дық «Азия-Авто» автомобилінің шығарылуы бойынша іс-шараға қатысты

Азат Перуашев 100 000-дық «Азия-Авто» автомобилінің шығарылуы бойынша іс-шараға қатысты. Ол өткен жексенбі күні 28 қыркүйекте Өскемен қаласында болды. Еңбек ұжымын бұл оқиғамен құттықтау үшін Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «ВАЗ» автоконцернінің басшысы Бу Андерсон және қаржы вице-министрі Альберт Рау келді. «Азия-Авто» компаниясы – біздің Тәуелсіздіктің төл тумасы» деді, - деді демократиялық фракцияның көшбасшысы Азат Перуашев өзінің құттықтау сөзінде. Ол Парламентте бизнес-қауымдастықтың қызығушылығын алға тартушылардың бірі болып табылады. – Оның табылуына дейін Қазақстан КСРО құрамында табиғи қорды жеткізуші болды: кенді, металлдарды, энерготасымалдаушыларды, сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін және оның жасалып шығарылуымен айналысты. Машина жасау тек осы сектордың саласымен байланысты ғана көрінетін. Сонымен қатар, машина жасау – бұл заманауи экономиканың бетке ұстары. Себебі ол аталған немесе басқа мемлекеттің техникалық және технологиялық дамуының деңгейін көрсетеді. Дәл осы сала инжинерлік кадрларға және ғылымға деген сұранысты сұрыптап, тұрғындардың білім деңгейін анықтайды. Ал автомобиль жасау – бұл, образды түрде айтсақ, машина жасаудың «премьер-лигасы». Өткені ол қуатты шоғырландырушы әсерге ие. Ол заманауи метеллургиялық, жеңіл, әйнекті, химиялық, резинотехникалық және басқа салалардың талабын сұранысқа алып отыр. Сарапшылардың бағасы бойынша, автомобиль өндіруде бір жұмыс орны өзара байланысты секторлардағы 12 жұмыс орнына дейін жұмыспен қамтылуын анықтайды екен. Кризистің белең алған уақытында барлық жетекші елдердің үкіметі бірінші орында өздерінің автомобильдік концеріндеріне кездейсоқ  көмектескен жоқ: олай АҚШ та да, және Еуропада да, және Азияда да болды. «Азия-Авто» компаниясы қазақстандық автомоблиль жасаушы саланың бірінші қанат қағысы болды. Ол біздің елде бұрын соңды болмаған саланы құрды. Сол уақытта адамдардың көбісі бізге алып кете алады ма, жоқ па деген  сенімсіздікпен қараған болатын. Бүгін де конвейерден 100 мыңдық автомобиль шығып отыр. Мәселе жақсы сандарда ғана емес. Бұдан басқа, компания да, саласының да негізі қалыптасқан, және аяғынан тік тұрған дегенге саяды. Осы Өскемендік авто құрастырудан кейін, кәсіпорындар Қостанайда да, Алматыда да кездейсоқ өз жұмыстарын бастаған жоқ. Бұл жоба енді Астанада да талқыға алынған.   Азат Перуашев автомобиль жасаушы салалардың Қазақстанда пайда болуын талқылаушы өткір пікірталасты еске салды: «2006-2007 жылдары біз мемлекеттік сатып алуға өз автомобильдерімізді сатуға көндіруге тырысқан кезде, көбі: бізге өзіміздің автомобильдеріміз не керек? Одан да қолданылған иномаркаларды сатып ала салу тиімдірек және оңайырақ деп айтқан болатын. Сонымен қатар бір автомобильді айдауда 2-3 адам табыс тапса, өндірісте – жүздеген адамдар  табыс табатынын есепке алмаған еді. Және елімізге мыңдаған ескі машиналарды әкеліп, енді қазір солардың шығарылымдарымен дем алып отырмыз». Өзіміздің өнеркәсіптің пайда болуы – бұл автопарктің әрдайым жаңарып отыруының мүмкіндігі. Ал жаңарудың басты тренді – қоршаған ортаның тазалығы және шығарылымның төмендеуі. Иа, «Азия-Авто» қарапайым еңбекші «Ниваны» шығаруды жалғастырып отыр. Ол қарапайым қожаларының жұмсаған ақшасын әділ және толық ақтап отыр. Бірақ бүгін де сәнді компаниялардың қатарында «Шевроле», және «Шкода», және «Киа», заманауи экологияның талаптарына жауап беріп, әр түрлі азаматтардың көз қарастарына сай болып отыр. Тура осыған байланысты «Азия-Авто» Қазақстанның алдыңғы қатарлы компанияларының қатарында, Кедендік одақтың құрушылығын жеңіп отыр. КО кіргеннен кейінгі үш жылда кәсіпорынның өнімі мен айналымы өте жоғары қарқынмен өсуде. Жүздеген және мыңдаған ресейліктер қазақстандық құрастырылымдағы автомобильдерді сатып алуда. Отандық авто бизнестің болашаққа ұйымдастырған үлкен ресейлік рынокқа ену жоспары күнен-күнге шындыққа ұласуда. Қазір менің есіме қоғамдағы, және шенеуніктердің қатарынан болған: автомобиль құрастыру – бұл өндіріс па? Бұрағышты алып, дөңгелектерді корпусқа бұрауда – қандай технология бар? деген  өткір пікірталасы түсуде. Ал біз азиялық «барыстардың» тәжірибесін айтқанбыз. Олар да қазіргі ірі заманауи корпорациялар да өз кезегінде өзге брендтердің құрастыруынан бастаған болатын. Бірақ осындай құрастырылым да кадрлық потенциалды және өндірістік базаны қалыптастырып, оның ары қарай дамуын жалғастыра алады. Осындай стратегияның дұрыстығына «Азия-Автоны» мысалы ретінде айта аламыз. Өйткені, кәсіпорынның әр жұмысшысы ең жақсы еуропалық автоконцерндерде оқытылып, сертификаттар алуда. Олардың әрқайсысы әрі қарай жүреді, жүре алады және өзінің компаниясынмен өседі. Осы табандылықтың нәтижесі қандай екен, өткен жылы жаңа авто зауыттың құрылысы басталған еді, бірақ бұл құрастырушы емес, толық өндіруші цикл. Сондықтан да бізідің қалалардың көшелерінде біз Қазақстанда жасалған «Азия-Авто» деген эмблемамен машиналарды кезестіргенде – бұл жасалғанмен мақтануға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға жігер береді. Ұжымды және басшылықты осы датамен құттықтаймын», - деп аяқтады ол.

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі