Қырғызстаннан әкелінген көліктер жолдағы тәртіпсіздікке кінәлі

rulfdnjavtoҚырғыз елінен әкелінген көліктердің көбі кедендік рәсімдеуден өтпеген. Бірақ, бүгінге дейін сол айыппұлдың тек 25 пайызы ғана өндіріліпті. Бұдан бөлек, қалалардағы бейнекамералар қырғызстандық автокөліктердің 14 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісін тіркеген. Алайда, автоматтандырылған белгілеу жүйесі анықтаған 185 миллион теңгенің айыппұлын, олардан өндіріп алу мүмкін емес.Салдарынан жыл басынан бері қырғызстандық нөмірлі көлік жүргізушілері 21 мыңнан астам жол ережесін бұзған. Салдарынан, 49 адам қайтыс болып, 271 азамат түрлі дене жарақатын алған. Оларға 100 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Яғни, қырғызстандық көлік жүргізушілері жол ережесін бұзса да, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Көлік иесін анықтау бойынша нұсқаулық рәсімделмейді. Себебі, жол полициясының деректер базасында, қырғызстандық автокөліктер тіркелмеген.

31 арна