"Барахолкада" жаппай жеңілдіктер болып жатыр
2013 ж. 27 қараша
1906
1

"Қасақана өртеген, өйткені, менің күйеуім тауарды алып жатқан кезде, төбесін ашып, бензин құйғанын көрген. Өзім жанып кетпегеніме құдайға шүкір!", - дейді "Құлагер" базарының саудагері.
"Тасып жатқанда, өрттің ішінде жүрдік бәріміз, сонда жанбаған жер ары қарай жалғасып жанып жатты. Ортада оған жалғасатын жер болмады. Қасақана өртеп отыр. Тапсын бізге соны, одан да бізге", - деп күйінеді саудагер Анар Нұрлыбекова. Қазір өртенген "Құлагер" мен "Арал" базарларының саудагерлері тауарларын жаппай жеңілдікпен саудаға шығарған. Сауда нысаны - ашық аспан астындағы автотұрақ. "Тауарымызды өз бағасынан тіпті төменге сатып жатырмыз. Өйткені, ақшамыз қалмады қалтамызда, жұма куні тауар кіргізгенбіз, жексенбі жанып кетті. Өз бағасынан төмен-төмен сатып, қалтамызда ақшамыз болсын деп жатырмыз. 5 миллионға тауар болған, 700 мыңға тауар алып шыққанмын, соны сатып жатырмыз. Парламент, үкімет, ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Тұрысымыз мынау. Не орнымыз жоқ, біз орын талап етеміз, жалғамызды төлеп жатқан ешкім жоқ, ең болмаса, орын тауып берсін",- деп аяқтады сөзін саудагер Нұрлыбекова. Кәсіпкерлер өрттен әупірімдеп алып шыққан тауарларын ары-бері тасып, ұрыларға бір желініп, қызметақысын шарықтатып жіберген арбакештерге екі желініп жүрміз, дейді. Көрші базарларда жалдау құны да қымбаттап кетті, билікке де базынамызды айтудан қорқып қалдық, - дейді бір-ақ күнде күлі көкке ұшқан базардың саудагерлері.Артық сөйлесек болды, апарады да, түрмеге қамайды. Артық сөйлесек, аузымызды жабады.Кеше айтып жатыр ғой, басымызды көтерейік десек, милициялар әкетіп жатыр дейді.
"Алапат өрттен аман қалған тауарларын, саудагерлер мұнда өз бағасынан бірнеше есе арзанға саудалап жатыр. Бұл автотұрақ - саудагерлерге уақытша берілген мүмкіндік. Енді кәсіпкерлер қайда барарларын да білмейді. Биліктен де көңілі қалған. Енді олардың жалғыз тілегі - әзірге қар мен жаңбыр жаумай тұра тұрса деп тілейді",- деп түйіндеді Рысалды Тойбекова.31 арна