Гомосексуалдық қатынастарды қылмыс деп тануға рухымыз жете ме?

gomikiБіржыныстағылардың заңды некесі – әлемдік деңгейде өршіп тұрған проблема. Біреулер мұны адам құқығының құнтталуы десе, екіншілері адамдық болмысқа мүлдем қайшы рухани азғындықтың көрінісі ретінде қабылдайды. Соның салдарынан қоғам ғана емес, мемлекеттер арасында текетірестік байқалып та жатады. Мұхит асып, сосын Еуропаны шыр айналып келген осы мәселе Қазақстанға да тақап қалғаны анық. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл Үкіметке сауал жолдап, Қазақстанда гомосексуалдық қатынастарды түбірімен тоқтататын заң жобасын әзірлеп, қабылдауды сұрады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда әлем­нің 16 елінде, АҚШ пен Мексиканың бірқатар штат­тарында біржыныстағылардың некесі заң жү­зінде рұқсатталған. Мәселенің адами, рухани жа­ғын былай қойғанда, кейбіреулер мұндай некенің заң­дық кеңістікке де сыймайтынын алға тартады. Ай­талық, біржыныстағылардың некесін заңдас­ты­руды қолдайтындар діни нормаларға қарамастан, заң­ның өзі қоғамның өзгерістеріне қызмет етуі ке­рек дегенді алға тартады. Ал қарсылық пікір ұс­та­нушы тарап мемлекеттің біржыныстыларды мо­йын­дап, олардың некелесуіне рұқсат беруі аза­­маттық заңнама қағидаттарына қайшы бола­ты­нын айтады. Әлбетте, бұл – заңдық тұрғыдан мо­йын­­дау немесе мойындамау мәселесі ғана. Ал гомосексуалистік көзқарасқа, олардың некесін ресми тіркеуге қарсы бүгінгі саналы саналатын өр­ке­ниетті қоғам да жікке бөлінген. Біреулер қо­ғам­ның бұл тынысын көріп, жағасын ұстап, «ақыр­заман жа­қындады» деп аттандаса, енді біреулер «адам құқы құнтталды» деп айқай салады. Қалай бол­ғанда да әлемде 2001 жылы ресми түрде Ни­дер­ланды мемлекеті біржыныстағылардың некесін заң­дастырғалы бері берекесіз дүмпудің өршіп бара жат­қаны ақиқат. Сол дүбір Қазақстанға да тақап ке­леді. Депутат Бақытбек Смағұл да кешегі Мә­жі­лістің отырысында осы мәселені көтеріп, Үкіметке үшбу хатпен шыққан болатын. «Тәуелсіздік алып, ұлттық мұрамызды жаңғыртып, ертеңімізге деген стратегиялық көзқарастарымызды қалыптастырып жатқан бүгінгі күні «демократиялық құндылықтар», «адам құқығын қорғау» деген желеумен батыс елдерінің трендтерін жамылған қитұрқы құбылыс­тар біздің елде де орын ала бастады. Бүгінгі таңда Еуропаның бірқатар елдері, оның ішінде өр­ке­ниет­тің орталығы болып саналатын Франция, Нидер­лан­ды, Бельгия секілді мемлекеттер гомо­сек­суал­дық қатынастарды ресми түрде некелік қатынастар са­натына қосып, заңмен бекітті. Ал жанұялық құндылықтарды мем­ле­кет­тің отбасы саясатында бәрінен жоғары қо­йып, өз­де­рінің ұлттық менталитетіне бай­ланысты мұн­­дай қатынастарға тыйым са­латын заң­дар­ды Ауғанстан, Малайзия, Ин­донезия, Өзбекстан елдері қабылдады. Бүгінде Ресей де атал­мыш тақырыпты қатаңдататын заңды қа­былдап жатыр», – дейді депутат. Оның пікі­рін­ше, Қазақ­стан­ның ұлттық идеологиясын қа­лып­тас­тыр­ғанда ұлт болашағын отбасыдан тыс қа­растыру әсте мүмкін емес. Сондықтан да «Отан отбасынан басталады» деген қа­ғи­датты тәрбиеге сүйену керектігін айтқан Ба­қытбек Смағұл мырза Елбасы Жол­да­уында кө­терілген отбасы институтының маңызды­лы­ғын да алға тартады. Оның ай­туынша, гомо­сек­суалдық қатынастар ашық насихатталса, оның отбасы институтын да­мытуға да кедергісі мол болмақ. Яғни қоғамда бір жыныстағылар некесі көрініс берген сайын отбасы институты көте­ріл­мейді, керісінше, құлдырай түседі. Сон­дық­тан да депутат Бақытбек Смағұл бұл мә­се­леде Қазақстанның ұстанымы нық бо­луы ке­ректігін айтады. «Орталық Азия кін­дігіндегі көне өркениеттердің тоғысқан тұсында ор­на­лас­қан, Ислам ынты­мақ­тас­тық ұйымының бел­сенді мүшесі саналатын Қазақстанда бұл үрдіске жол беру еліміздің имиджіне орасан зиян келтіреді. Бұдан бө­лек, адам санасы тү­сін­бейтін нәрсенің же­тегіндегі жағдайлардың алдын алу біздің еліміздің жаһандық әлем­нен төнетін қа­уіп­терге қарсы ұлттық құн­ды­лықтар жүйе­сінен құралған ұлттық болмы­сы­мызды қорғауға бағытталған нақты қадамдар бол­­мақ. Бұл тұста «Неке және отбасы тура­лы» За­ңы­­ның 11-бабын күшейту ғана емес, гомо­сек­­суал­дық қатынастарды түбірімен тоқ­­та­татын заң жобасын әзірлеп, ондай ол­қы­лыққа жол берген түнгі клубтарды тегіс жа­бу ке­рек», – дейді депутат Бақытбек Сма­ғұл. Айта ке­тер­лігі, «Неке және отбасы тура­лы» Заңының 11-ба­бында негізінен «ара­ла­рында неке қию­ға жол берілмейтін адамдар» туралы жа­зыл­ған. Сөз арасында мәжілісмен адами бол­мысқа жат қатынастарға жол беріп отырған мем­ле­кеттерге де тоқталды. Оның ай­туынша, бір жы­ныстағылардың некесіне рұқ­сат беріп отыр­ған мемлекеттердің басым бөлігі үлкен бір елдің «қол­ша­ты­рының» астында тұрған не­месе қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері сон­ша­лықты алаң­датпайтын аумақтарда орналас­қан. «Ал Қазақстан өз қауіпсіздігі үшін күні-түні көз ілмейтін стратегиялық аймақта тұр. Ен­де­ше, болашақта бір жыныстыға бейім ер­кектер ел шекарасын қалай қорғамақ? Қорғаныс жа­ғы қалай қамтамасыз етіледі? Демографиялық өсімге олар қалай үлес қосады? Ұрпаққа қан­дай тәрбие бере алады? Осы сауалдарға те­реңнен көз жү­гірт­кен абзал. Бүгінге дейін ба­тыс елде­рін­де ұсынылып келген дамуымызға серпін бе­ретін көптеген демократиялық құн­ды­лық­тарды қабылдағанымыз анық. Алайда ба­­тыс елдері «экономикалық көр­сет­кіш­тер», «ашық қоғам» атты ұғымдар арқылы ба­сып озса да, рухани жағынан үлкен ем-домды қа­жет ететінін көріп отырмыз. Рухани ем біздің ұлттық болмысымызда, ба­балар мұрасында жатыр. Сонымен қа­тар қазір қабылданып жат­қан заңдар аза­мат­тарымыздың тек әлеу­меттік жағын арт­тырып, олардың бай-қуатты қоғамда өмір сүру талаптарына ғана емес, оларды ру­хани кеселдерден қорғау арна­ла­рына да бағытталуы шарт деп білеміз», – дейді Бақытбек Смағұл. Мәжілісте бір жыныстағылардың не­ке­сіне қарсылық білдірілген әңгіме бір кеше ғана кө­теріле қойған жоқ. Осыдан біраз бұ­рын Қа­рағандыда Каролина мен Крис­тина есімді екі қыз­дың неке қиғаны туралы ақ­парат қаулап, сонда мәжілісмен Алдан Смайыл да мұны қыл­мыс деп тану туралы мә­селені көлденең қойған еді. Алдан Зей­нол­лаұлының сол тұста келтірген мәлі­ме­тіне сүйенсек, бүгінде елімізде ер­кек­шо­ра­лар мен қызтекелер саны 240 мың­нан аса­ды және олардың қатары күн санап арту үстінде. Сондықтан Еуропаның 11 елінде, АҚШ-тың сегіз бірдей штатында заңмен рұқ­сат етілген бір жыныстағылар некесі елі­мізде етек алмауы үшін депутат мұн­дай­ды қолмен үзгендей тыю керектігін, оны қылмыс ретінде танымасақ, ертең ие бо­луымыз екіталай екенін ашық айтқан. Үкі­метке жолданғандықтан, ат­қа­рушы билік тарапынан осы жолы қандай реакция болатыны әзірше белгісіз. Қазақстанда кітап индустриясы тоқырап барады  Мәжілістің мінберінде көтерілген тағы бір рухани мәселе отандық кітап индус­трия­сының ахуалы еді. Депутат Тұрсынбек Өмір­зақовтың айтуынша, қазір Қазақ­стан­ның кітап индус­трия­сы сырттан жаулайтын ше­телдік нарыққа толығымен тәуелді бо­луға айналған. Бұл шын мәнінде елдің ру­хани тынысы тарылып келе жатқанын біл­дір­мей ме? «Еліміздің кітап на­ры­ғындағы әдебиеттің 80 пайызын ресейлік өнім­дер құрап отыр. Сөйтіп, отандық кітап басу сек­торы тоқырауға кетіп барады. Ай­талық, Қа­зақстанның кітап палатасының мәлі­мет­те­ріне қарағанда, бүгінгі жұмыс істеп тұр­ған 360 кітап баспасы жылына 5000 түрлі кітап басып шығарады. Сон­да да бұл өнімнің айтарлықтай бөлігін, яғни 35 па­йыз­дан астамын мектепке ар­нал­ған оқулықтар, 20 пайызын ғылыми бас­палар, 13 пайызын ға­на көркем әде­биет құрап отыр», – дейді де­путат Тұрсынбек Қазенұлы. Бақсақ, қазақстандық баспа тек Ресей­ден им­порт­талмайтын өнімдерді ғана шы­ға­румен шек­­теліп келеді екен. Бұл тоқырау емей не­ме­не? Екіншіден, осының өзі Қа­зақ­станда тұ­ра­тын орыстілді қауымның ру­хани «қоректі» қай­­дан алып жатқанын аң­ғартса керек. Неге бұ­­лай? Неге қа­зақ­стандық кітап ісі бәсекеге қа­­білетсіз? Осы сұраққа келгенде депутат ең ал­­ды­мен еліміздегі қағаз бағасының қымбат­ты­­ғын және оның шетелден импортпен келуі бас­­па өнімінің бағадағы бәсекелестігіне сал­мақ салатынын алға тартады. Мәселен, қа­зіргі таң­­да шетелден әкелінетін қағаз бен кар­тонға ке­­­дендік баж шамамен 15 па­йызды құрайды екен. Сөйте тұра дайын бас­па күйінде келетін өнім­­дерінің им­пор­тына кедендік баж «0» тең­ге. Осындай фактордың өзі заманауи қа­зақ­стан­­­дық әдебиеттің серпілуіне кедергі емес пе? «Кітап ісіне жеткілікті назардың бол­мауы жа­ғымсыз салдарға ұласуы әбден мүм­кін. Бүйте берсек, бетімен кеткен ше­тел­дік баспа қазақ­стандық өнімді нарықтан то­лығымен ығыс­тырып шығарады. Соның ішінде Кеден одағы аясында бұл проблема одан сайын өр­шіп барады. Бізде кітап ісі тұншығып жатса, ке­рісінше, ресейлік баспа компаниялары қа­зақстандық нарықты ер­кін аралап, ешқандай бәсеке атаулыны се­зінбейді. Сондықтан да отандық кітап са­ла­сына, оның ішінде кітап басу ісіне толық са­раптама жасалса. Сонымен қатар отан­дық кітап басу ісіне мемлекеттік сая­сатты ын­таландыратын тетіктерді заңна­малық деңгейде қабылдасақ игі», – дейді депутат Тұрсынбек Өмірзақов.

Автор: Қанат ҚАЗЫ

"Алаш айнасы" газеті