Астана-Алматы бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді

photo_56204Астанадан Алматыған бет алған № 2  «Тұлпар Тальго» қазақстандық жүрдек пойызында 21 қыркүйек күні таңғы сағат жетілер шамасында   сәби дүниеге келді. Бұл туралы bnews ақпараттық порталының тілшісі хабарлады. Тосын жағдайға пойыз басшылығы атсалысып, жас анаға қолдан келген көмектерін көрсеткен. Абырой болғанда, жолаушылар арасынан акушер-гинеколог дәрігер табылып, сәби қауіпсіз қолда өмірге келді. «Сапар аяқталысымен ана мен бала Алматы-2 бекетіндегі жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз хатшысы. Жолшыбай дүниеге келген сәбидің жынысы – ұл. Салмағы – 2750 грамм, бойының ұзындығы – 48 см. Жігіттің есімі оның жол үстінде кіндігін кескен Әрлен есімді дәрігердің құрметіне қойылды. Әрленнің анасы қол-аяғын бауырына алып, бүгін пензенханадан шығарылды.