МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДА БАСЫМДЫҚҚА АЙНАЛУЫ ТИІС!
2026 ж. 26 қазан
108
0
✅ Жасанды интеллектінің негізі қазақ тілінде болуы керек.
Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі болашағы – цифрлық технологиялармен тығыз байланысты!
Бүгінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар қарқынды дамып келеді. Алайда, мемлекет тіліміздің болашағы жасанды интеллекттің қазақ тілін түсінуімен ғана шектелмеуі тиіс. Қазақ тілі заманауи компьютерлерде, смартфон, интернет және барлық цифрлық платформдарда кеңінен қолданылуы қажет.
Бұл Қаза Үкіметінің басты бағыты болуы керек!
Осы орайда көп жылдар бойы қазақ тілін компьютерлік технологияға, әсіресе бейімдеу мәселесімен белсене айналысып келе жатқан Жанат Аймағанның ABCnet қазақ латын әліпбиі жобасына назар аударғым келеді.
Бұл – тек әліпби жобасы емес, қазақ тілін халықаралық цифрлық кеңістікке бейімдеуге бағытталған нақты технологиялық бастама.
Бүгінде ABCnet браузер кеңейтімі жасалып, Google Chrome платформда қолжетімді. Бұл қазақ тіліндегі мәтіндерді латын графикасында көрсетуге мүмкіндік береді.
Менің ойымша, мұндай отандық бастамалар мемлекет тарапынан да, ғылыми және IT қауымдастық тарапынан да жан-жақты зерттеліп, тиісті қолдау табуы қажет.
Қазақ тілі жасанды интеллект дәуірінде тек қарым-қатынас тілі ғана емес, тіпті қазір толыққанды негізгі тіліне айналуы тиіс!
Кезінде Жанат Аймаған екеуміз Жасанды интеллект және цифрлық технология министрі Жаслан Мәдиевке кіргенбіз. Басты тақырып - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДА БАСЫМДЫҚҚА АЙНАЛУЫ ТИІС деген талап.
Мол уәдемен шығарып салған министр Жаслан Мәдиев те, Жасанды министрлік те содан бері үнсіз...
Мен бұл өте өзекті мәселені парламентте де, 2023 жылғы 19 желтоқсанда Назарбаев Университетіндегі (NU) 2023 жылғы 19 желтоқсанда Назарбаев Университетінде (NU) Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Назарбаев Университеті президентінің міндетін атқарушы Илесанми Адесида, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» президенті Рауан Кенжеханұлы қатысқан еліміздегі тұңғыш ресми қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің салтанатты тұсаукесерінде сөйлеген сөзімде де көтергенмін.
Осы маңызды бастаманы жалғыз Жанат Аймағанбеттің мойнына артып қоймай, жауапты мемлекеттік органдар, Құрылтай депутаттары, IT мамандары және қоғам өкілдері баса назар аударуы керек.
Ал Жасанды интеллект жалғанды жалпағынан басып жайпап келе жатыр?!.
Қазыбек ИСА,
Фейсбук парақшасынан