ЖИ заманында әлемдік жарыс қайта басталып жатыр - Шыңғыс Мұқан

ЖИ заманында әлемдік жарыс қайта басталып жатыр - Шыңғыс Мұқан

Қазақстанға әлемнің басты визионері Илон Маск келіп, Байқоңырды өзі ұшып-қонатын зымырандары үшін пайдаланып, Tesla мен Optimus роботтарын шығаратын зауыт ашып жатқанын елестетші.

Кеше елімізде дәл сондай жағдай болды. Әйгілі Жейсін Хуаң келді. Маск — әлемдегі ең бай адам болса, Хуаң — әлемдегі қазіргі ең қымбат компания NVIDIA-ның негізін қалаған көшбасшысы. 

NVIDIA-ның чиптерінсіз ЖИ қазіргідей қарқынды дамымас еді. NVIDIA-нің қатысымен Қазақстанда «Деректер орталықтары алқабы» салынып жатыр. Мұның енді маңызын айтып жеткізе алмайтын жоба.

Оны түсіну үшін мынаны елестет. 1900-жылдар. Форд конвейр ұйымдастырып, көлік құрастырып, көпшілікке сата бастады. Нью Йоркте 100 атты арбаға бір көліктен келетін кез. Дәл осы кезде Қазақстанда да автокөлік конвейрлі салынып, көлік құрастыра бастағанын елестете аласың ба? Елімізде ЖИ үшін салынып жатқан инфрақұрылым дәл осындай маңызға ие.

Меніңше, ЖИ заманында әлемдік жарыс қайта басталып жатыр? Кім бірінші көлік не ұшақ ойлап тапты — маңызды емес. Барлығы қайтадан старттан бастайды. Ұлтымыз үшін осы аса шешуші сәтте мемлекет басшысы өзі бастап, жасанды интеллектің дамуын бірден ұлттық приоритетке айналдырып, осы салада, Күлтегін бабам айтпақшы, “түнде ұйықтамай, күндіз отырмай… қара терін төгіп” жүрген Zhaslan Madiyev, Bagdat Mussin сияқты жігіттердің еңбегін де атап өту керек. Кеше Хуаңмен керемет сұхбат болды. Көріп шықтым. https://www.youtube.com/live/d0j58QNeRmc?si=1s5fBIwqHMTi7Tru

ЖИ жарысынан қалып қойсақ, тағы бір мүмкіндіктен айырылып қаламыз. Хуаң сияқты әлемге әсер етіп отырған азаматтардың келуі қазақ халқы үшін үлкен жеңіс! Сол жарыстың бақылаушысы емес, қатысушысына айналғанымызды білдіреді! Ендеше, осы бәсекелес бәйгеден еліміз топ жарсын!

Шыңғыс Мұқан,

Фейсбук парақшасынан