Бүгінгі дебатта "Ақ жол" оқ бойы озық болды - Айбар Олжаев
2026 ж. 12 тамыз
130
1
"Жібек жолындағы" дебатта "Ақ жол" партиясы оқ бойы озық екенін байқатты. Ермек Әбілдин - қазақ саяси аренасының жаңа жұлдызы. Кез-келген сұраққа ұтымды жауап бере алды. Себебі ойы өткір, өресі биік.
Бизнесті шын қолдаудың не екенін "Ақ жол" партиясы жақсы біледі. Кезінде экономикалық көптеген істерді декриминализация жасап, ел кәсіпкерлерінің нақақтан түрмеде шіруіне тосқауыл болған бірден-бір партия еді. Бүгін де осы ойды жақсы жеткізді.
Өткенде Қазақстандағы ең мықты әйел саясаткер Дания Еспаева бастап берген мықты дебат эстафетасын ақжолдықтар жақсы алып келеді. Жалпы, "Ақ жол" өзінің нақты бағдарламасы бар, айтары бар, тарихы бар, "одноразка" партиялардан ерекшеленетін іргелі саяси институт.
Айбар Олжаев,
Қазақ үні
"Ақ жол" партиясының сайлауалды штабы есебінен төленген