Марат Тоқашбаев: МҰНДАЙ ЖОБАНЫҢ КҮШІН ЖОЙҒАН ЖӨН

Марат Тоқашбаев: МҰНДАЙ ЖОБАНЫҢ КҮШІН ЖОЙҒАН ЖӨН

2026 жылғы 23 мамырда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Қандастарға қамқорлық» тақырыбында келелі кеңес өтті. Қандастардың азаматтық алу, құжат рәсімдеу және әлеуметтік бейімделу мәселелерін талқылауға арналған жиынға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, ақын Қазыбек Иса және мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, еліміздің әр өңірінен келген қандастар қауымы, жүзден аса адам қатысты. Басқосу тарихи Отанына оралған азаматтардың мәселелерін ашық көтерген маңызды қоғамдық алаңға айналды.

Аталмыш жиынға Астанадан арнайы келіп қатысып, қандастардың арыз-шағымын тыңдаған, парламентте көші-қон мәселесін жүйелі көтеріп келе жатқан Мәжіліс депутаты, ақын, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса сөзінің толық жазбаша нұсқасын бұған дейін порталымызда жарияладық.

Бүгін осы мәселе жөнінде белгілі ұлт зиялыларының пікірін оқырман қауымға ұсынамыз.

МҰНДАЙ ЖОБАНЫҢ КҮШІН ЖОЙҒАН ЖӨН 

Біз бұған наразылық біл­дірдік. Қазыбек Иса «Емтиханды қандастардан аламыз деп отыр. Оны Ми­нистр­лер де тапсыра алмайды» деп жақсы айтты. Бұл пилоттық жоба заңға қайшы. Сондықтан ол автоматты түрде жойылуы керек. Жобаны қазақ халқына дұшпандық деп есептеймін. Ол қандастарымызды елге қайтаруға тосқауыл болып отыр. Бұл құжат «Қазақстан Республикасының азаматтығы» туралы заңға байланысты күшін жоюы керек. 

Марат ТОҚАШБАЕВ, жазушы-публицист