ӘДІЛЕТ вице-министрінің МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУІ - ӘДІЛЕТСІЗДІК!-Қазыбек Иса
2026 ж. 21 мамыр
227
1
Бүгін 2026 жылы 21 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса депутаттардың мемлекеттік сұрақтарына орыс тілінде жауап берген ҚР Әділет вице-министрі Ботагоз Жакселековаға қатаң ескерту жасады.
-Мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Шаймарданқызы қарындасыма ағалық ескерту айтпақшымын.
Сіз Әділет вице-министрі ретінде Қазақстанда Мемлекеттік тіл Қазақ тілі екенін білмейсіз бе?!. Мемлекеттік тілде сұрақ қойған депутаттардың барлығына мемлекеттік тілде емес - орыс тілінде жауап бердіңіз! Тіпті, Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковның мемлекеттік тілдегі сұрағына да мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз?!!.
Келесіде парламентке келгенде Мемлекеттік тілді үйреніп келіңіз, немесе Әділет минис рлігінде қазақша білетін адам бар шығар, мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсін!
ӘДІЛЕТ вице-министрінің МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУІ - ӘДІЛЕТСІЗДІК!
Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты