“Ұлттың ұлы ақыны көкке ұшып кетсе, ұлттың жауы қарғысқа батып өлді…”-деген осы!

“Ұлттың ұлы ақыны көкке ұшып кетсе, ұлттың жауы қарғысқа батып өлді…”-деген осы!

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол клубы жанкүйерлері ерекше баннер жасады.

30 сәуірде Қазақстан кубогі аясында Шымкенттің «Ордабасы» командасы мен Ақтаудың «Каспий» клубы кездесті. 

Осы ойында «Ордабасы» жанкүйерлері ақын Мұхтар Шаханның құрметіне ерекше алып баннер істеген” деп жазады Baribar.kz сайты.

“Ұлттың ұлы ақыны көкке ұшып кетсе, ұлттың жауы қарғысқа батып өлді…

Халық бір күнде екі адамды жерледі… 

Қазақтың біртуар тұлғасы, ұлттың ұлы ақыны Мұқтар Шаханұлы халықтың шексіз ықылас, зор құрметінің қуатымен көкке ұшып кетті! Ал Біләш сияқты қаза үстінде қарғыс айтып, Қазаққа жат жиіркенішті қылығымен Қазақ емес екені әшкере болып қалған Ұлттың жауы Халықтың қарғысы мен түкірігіне батып өлді…

“Жүйесіз қарғыс иесін табады” деген осы!

Ақиқат үшін айқасып өткен Мұқаң өмірден өтіп бара жатып та, қазақтың жауын масқара етіп әшкерелеп кетті…”-деп едік осыдан он күн бұрын 22 сәуірде.

Киелі Отырар еліндегі қасиетті Арыстан бап жеріндегі зиратта

Ұлы ақынды қалың ел болып құрметтеп жерлеген соң, ақын қабірі басында осы сөзді босқа айтпаған екенбіз…

Шымкенттіктердің шынайы құрметіне шын көңілден ризашылық білдіріп, зор алғыс айтамыз.

Иә, қандай жақсы бастама шықса да, жұрт айтатындай “Не шықса да))), Шымкенттен шығады!” Ордалы Оңтүстіктің оң қадамдары жақсы жалғаса бергей!

Керемет! 

Ұлы ақынның пейіште рухы шалқи бергей!

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні