Қыдырәлі Оразұлы: Шахановқа жала жауып, итше қыңсылаған тексіз Бияштікі - өтірік!
2026 ж. 22 сәуір
418
1
«Атажұрт» ұйымының құрушысы, алғашқы төрағасы Қыдырәлі Оразұлы Мұхтар Шахановқа қатысты айтқан Серікжан Біләштің «арыз жазды, сотта куә болды» деген мәлімдемелерін жоққа шығарып, оны жалған ақпарат деп атады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өз деректеріне сүйене отырып, Қытайдағы қазақтардың жағдайы, «Атажұрт» ұйымының құрылуы және сол кезеңдегі күрес туралы баяндады. Сонымен қатар, Мұхтар Шахановтың қандастар мәселесін көтерудегі рөлін атап өтіп, оның атына тағылған айыптардың негізсіз екенін дәлелдеді.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі мақаланың толық нұсқасын ұсынады.
***
Серікжан Біләштің «Шаханов маған арыз жазды, сотта куәгер болды» дегені — қып-қызыл жала!
«Жаман адам мақтанса, жақсы адамның жағасынан алдым дер» деген халық мақалы дәл осы Серікжан Біләш сияқты тексіз, арсыздарға арналғандай.
Кеше қазақтың біртуар ұлы ақыны Мұхтар Шаханұлы өмірден өтті. Бүкіл қазақ халқы ұлы қайраткерімен қимай қоштасты. Әлеуметтік желілерде халық естелік жазып, өлеңдерін оқып, Шахановтың шығармашылығымен қайта қауышып жатқандай. Бірақ тегі белгісіз, тексіз, имансыз Серікжан Бияш қана Шахановтың артынан өсек айтып, итше қыңсылап отыр екен. Оны «Бір ит біліп үрсе, көп ит еріп үреді» дегендей, Серікжанның қырық өтірігіне сеніп қалған аңғал, ақкөңіл кейбір қазағымыз, тіпті кейбір есті ағаларымыз да оған араша түсіп жатыр.
Серікжанның өзіме қанша жала жапсада осыған дейін “Шындық қашанда салтанат құрады”- деп үнсіз қалуды жөн көргенмін, бірақ Қазақтың дара перзенті, ұлт мақтанышы, бір туара ақыны Мұхтар Шаханұлына жалған жала жапқанын біліп тұрып үнсіз қала алмадым.
Серікжан Біләшты кезінде “Атажұрт” ұйымына әкеліп, бір жылға жуық бірге жүріп, талай сапарларда бірге болып, талай үйіме қондырып, асымды беріп, оның ішкі-сыртқы мінез-құлқын жақыннан білетін, ең жақын араласқан бірден бір адам ретінде дәл осы Серікжанның Шахановқа жапқан жаласының өтірік екенін нақты дәлелмен айтып берейін. Сөзіме толық дәлел болу үшін сөзді әріден, толығырақ баяндайын.
2017 жылы Қытай үкіметі ондағы Қазақтарды лагерлерге қамап жатқанда оларға араша түсіп бірен саран ағалардың фейсбукте жазғандары болмаса ортаға шығып күрескені болмады, сол сияқты бүгінде “қандастарды мен құтқардым" деп беті бүлік етпей өтірік айтатын Серікжан Біләш та болған емес.
2016 жылы мен Қытайдағы туған жерім Іле Қазақ автономиялы облысы Текес ауданына, мектеп бітіргеніміздің 15 жылдық сабақтастар бас қосуына бардым, бәрі өзгерген. Қытай шекарасынан өткеннен Текеске жеткенше тоқсан жерден тосып тексеретін полиция бекеттері салыныпты, олар қайда бара жатқаныңды, кімге бара жатқаныңды, қайда тұратыныңды, қашан қайтатыныңа дейін жіпке тізіп жазып алды.
Текестегі #1 Қазақ орта мектебі, #1 Қазақ бастауыш мектептерінің бәрі жабылып, орнына Қытай тілін негіз еткен аралас мектеп ашылыпты, біздің мұғалімдердің бәрін мұғалым болуға жарамайсыңдар деп әрмекемеге күзетші етіп жіберіпті… Қызметтегі адамдардың бәрін ауылға жіберіп айлап үйлеріне қайтармай, қазақтарды Қытайлардың үйіне, Қытайларды қазақтардың үйіне көмектесуге жіберіпті, кейбірін мекемелерде үйлеріне қайтармай күні түні күзетші етіп қойыпты…
Бұрын соңды болмаған бұл өзгерісті көрген соң, “Қазақтарды тезірек Атажұртқа көшірумесек мына қазақтардан тірі айырыламыз” деген оймен елге қайттым.
Елге келген соң 2016 жылдың күзінде бірнеше кәсіпкер жігіттермен Қытайдағы қазақтарды Атажұртқа көшіру үшін шағын “Атажұрт” деген топ құрып ақылдастық, сосын Қытайдағы қазақтар тұратын 48 ауданнан Вичат әлеуметтік желісі арқылы “Көш” деген топтар құрдық, сол топта егер Қандастар Қазақстанның солтүстік өңірлеріне көшіп келсе көшу қаражаты, үй, жер берілетінін айтып, өзіміз көлікпен Солтүстік облыстарды аралап жерлерді, үйлерді түсіріп, әкімдерге қандастарды шақыртып сөйлетіп, ауыл тұрғындарын сөйлетіп вичат топтарға салып отырдық, соның арқасында 2026 жылдың аяғына дейін 48 топтан 2300 ден аса қандастар 2017 жылдың қаңтар айындағы каникулда немес шілдедегі каникулда көшіп келетіндерін айтып жазылды.
Өкінішке орай, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қытайлар ондағы қазақтардың паспорттарын жинап алды. Ақпан айында Қазақстанда әлі Қазақстан азаматтығын алмаған қазақтарды, зейнеткерлерді қытайға алдап шақырып, олардың да паспорттарын жинап алды. Наурыз айынан бастап түрлі сылтаулармен “Үйрену орталығы” деген шын мәнінде лагерьлерге қамады.
2017 жылы мен бірнеше дәріханам бар фармацевт кәсіпкер әрі университетте қосымша мұғалім болып жұмыс істеп жүргенмін, Қытайдағы қандастардың қиын тағдыры күн сайын Вичат желісі арқылы келіп жатты. Осыны көріп алдыңғы буын ағалардың үнсіздігінен көңіл қалып, қандастардың қиын тағдырына мен үнсіз қала алмадым. Оларға араша түсуде өзіме және отбасыма үлкен қауіптің болатынын білсем де, осы қадамға белді бекем будым.
2017 жылы наурыз, сәуір айларында “Атажұрт” деген баяғы қандастарды Атажұртқа көшіру мақсатымен құрылған топтағы жігіттермен Қытайдан келген қандастардан сұрастырып жүріп, Қытай лагеріне қамалған 32 қазақтың аты-жөнін, паспорт нөмерін, қай лагерге, қашан қамалғаны туралы ақпаратты жинадық. Енді осы ақпараттарды Қазақстан сыртқы істер министріне жеткізу үшін жазушы Совет-Хан Ғаббасов ағамызбен кездесіп, 2017 жылы 11 мамыр күні Совет-Хан Ғаббасов ағамыз екеуміз Астанға барып Қазақстан сыртқы істер министріне барлық ақпараттарды беріп, Қытай қазақтарына араша сұрадық.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе туралы Қытай елшісімен сөйлесіп хабар беретінін айтты. Бір аптадан соң ҚР СІМ қызмет кеңсесі хабарласып Сыртқы істер министрінің Қытай елшісімен кездескенін, жақында Қытайдың Шинжаң өлкесінің басшылары осы іс бойынша Қазақстанға келетінін, сол кезде бізбен кездестіретінін айтты.
Содан 2017 жылы мамырдың 26 күні Қытай делегациясы Астанаға келіп, өздері алдын ала дайындаған қандастармен кездесті, бірақ бізге айтпады, олар 29 мамырда Алматыдағы Қытай елшілігінде Алматыдағы қандастармен кезігетінін білдік, бірақ олармен кездесетін қандастарды Жебеу деген ұйым іріктеп алады екен, біз Қытай делегациясымен кездесіп Қандастарымызды босатуды талап ету үшін Жебеу ұйымына бір күн бұрын бардық, бірақ олар бізді Қытай делегациясымен кездесетін жиналысқа кіргізбейтін болды.
2017 жылы 29 мамырда біз амалсыздан Қытайда әке-шешесі, ерлі-зайыптылары, балалар немесе туыстары қамалған қандастарды жинап Алматыдағы Қытай елшілігінде, Қытайдан келген делегациядан Қытайдағы қандастарымызды босатуды талап етіп митингі өткіздік, сол кезде бізге полиция мен ҰҚК арнайы жасақ әкеліп, бізді таратуға тырысты, біз Делегациямен кездесіп қандастарды босатуды талап ететінімізді айтып кетпей қойдық, соңында Қытай делегациясы Елшіліктің артқы есігімен қашып кетті.
Осы митингіде мен келген қандастарға “Біз енді қандастардың құқығын қорғайтын ұйым құрамыз, сол ұйымға қосыламын дегендер келіңіздер” деп шақырдым, бір аптадан соң біз Алматыдағы Азия деген Ресторанда жиналып, Ұйымның атын “Атажұрт” деп қойып, сондағы қатысқан адамдар бір ауыздан мені ұйымның төрағасы етіп, және 12 адамды құрылтайшы етіп сайлап, әділет департаментіне тіркеуге бердік, ол кезде менің Абай даңғылы мен Гагарин даңғылы қиылысындағы Баспалар үйінде Фармацевтикалық компаниямның кеңсесі болатын, осы кеңсені “Қытайда туыстары қамалғандардан арыз қабылдайтын және конференция, жиналыс өткізетін ” орталық етіп, Атажұрт ұйымының кеңсесіне айналдырдым. Өкінішке орай біз ұйымды 5 рет тіркеуге бердік бірақ бізді тіркемеді, сондықтан біз онда Ерікті ретінде жұмыс істейміз деп “Атажұрт Еріктілері” деген атпен менің кеңсемде 2018 жылдың Қазан айына дейін қандастарды қорғауды жалғастыра бердік.
2017 жылы 22 маусымда Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы болатын болды, содан 20 күн бұрын осы Құрылтайда Қытайдағы қандастардың жан-айқайын президентке жеткізуді ойлап, Шаханов ағама қоңырау шалдым:
- Аға сіз Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына барасыз ба?
- Ия, мені осы жылы шақырыпты.
-Сізге айтар маңызды шаруам бар, сіз жұмыстасыз ба?
- ия жұмыстамын бірақ үйге қайтайын деп жатырмын.(сағат кешкі 6 ға 10 минут қалған).
-15 минут күте тұрыңызшы, сізге айтпасам болмайды.
- жақсы, кел.
Содан алып ұшып Алматыдағы Саяхаттың қарсысында орналасқан 9 қабат ғимаратта отыратын Мұхтар Шаханұлына бардым, қолымда қытайда лагерге қамалған 63 адамның тізімі беріп, Қытайдағы қандастардың жаппай лагерлерге қамап жатқанын айттым, “осыны сіз баяғы Кремілдің төрінде желтоқсан оқиғасын қалай айттыңыз енді Қазақтың төрінде Қандастардың жан айқайын айтыңыз”- дедім.
Мұхтар ағам түрі бұзылып кетті “Әй мынау өткен ғасырдағы фашизімнің өзі ғой? Өркениетті 21 ғасырда мұндай зұлымдықты көреміз деп кім ойлаған, болды мен өзімнің айтатын мәселемді айтпасамда осыны айтамын, бірақ мұны ешкімге айтпа бір кедергі жасап жүрер”-деп, менен дәлелдерді алып қалды.
Дүние жүзі Қазақтарының V құрылтайына 3 күн қалғанда Шаханов ағам телефон шалды, қатты ашулы, “Мен вокзалда тұрмын, мұндағы қызметкерлер менің билетімді қайтарып тастапты, сосын Астанаға хабарлассам сізді құрылтайға қатысатын адамдардың тізімінен алып тастады дейді, мен саған ешкімге айтпа дедім ғой? Ал не болды енді?”-деп ұрысты, мен ешкімге айтпағанмын, бірақ бұл туралы Айдос Сарым, Дос Көшім ағаларға да егер сіздер құрылтайға қатыссаңыздар жеткізіңіздерші деп өтініш айтқанмын, олар да кіре алмаған.
Осыдан соң дереу Алматы баспасөз Клубына барып, Дүниежүзі Қазақтарының құрылтайында Қытай қазақтарына араша түсуін сұрап Президентке үндеу жасау туралы баспсөз маслихатын өткізуге, ертесіне яғни 20 маусым күніне келісіп, оған жазушылар Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Совет-Хан Ғаббасов ағаларымды шақырып, президентке үндеу жасадық. Осы құрылтайда Германиялық ұлтшыл Өмірхан Алтын ағамыз Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп президентке тіке араша сұрағанын, президент сыртқы істерге тапсырма бергенін білесіздер.
Содан кейін Қытай қазақтарын қорғау бойынша қаншалаған жиналыстар өткіздік, әр жиналыста Президентке, сыртқы істер министріне, Біріккен ұлттар ұйымына хат жазғанда бірінші болып қол қоятын осы Шаханов ағамыз болды, қол қюуға рухсат сұрап хабарлассам “менен сұрамай ақ қоя бер”-дейтін еді Мұхтар аға.
2017 жылы жыл бойы Қытайдағы Қандастарымызға араша түскен бізге қолдау көрсетіп, жиналыстарымызға қатысқан алып жазушылардың ішінде Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмәділов, Совет-Хан Ғаббасов, Марат Тоқашбаев, саясаткер Дос Көшім, Расул Жұмәлі ағаларымыз болды.
2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың наурызына дейін Қытайдағы қандастар лагерлерге қамалып қан жылап жатқанда Серікжан Біләш деген адам төбе көрсеткен емес, оны ешкім танымайтын да. Сөйте тұра 2018 жылы Атажұртқа келіп алып “10 кг кітап жазып Қытай қазақтарына 10 тиындық пайда бермеген ақын жазушылар” деп сынайтын Серікжаннан жоғарыда айтқан ақын-жазушылар мен саясаткерлер бір жыл бұрын алғаш болып Қытай қазақтарына араша түскенін бірі білсе бірі білмес.
Мен Серікжан Біләшпен 2018 жылы ақпан айында танысып, менде сіздер сияқты оның сұлу сөзіне, жылап тұрып ұлтын жоқтайтын актерлігіне сеніп, оны 2018 жылдың наурыз айында Атажұртқа алып келдім, содан бастап Серікжанды төбеме көтеріп, оған қарсы болғандармен айтысып араша түсіп, отандық немесе шетелден тілшілер келгенде Серікжан бірінші танылсын деп соған сұхбат бергізіп, әр облыстан арыз жинағанда ертіп жүріп, төрге шығарып, алдымен соған сөз беріп, қысқасы туған інісі жасамаған құрметті мен біркісідей көрсеттім, оған сол кездегі Атажұрттағы азаматтар куә.
2018 жылдың Қазан айында біз Саяхаттың қарсысындағы 9 қабатты Мұхтар Шаханов отыратын ғимаратқа көшіп бардық, алғашында Мұхтар ағадан кеңсе сұрадық, ол кісі “Болат Назарбаев осы ғимаратты сатып алыпты, мені де шығарайын деп жатыр” деді, расында Болат Назарбаев сол ғимаратты сатып алып, ремонттап бизнес орталық жасап, жалға беріп жатыпты.
1.Серікжанның Шаханов менің үстімнен арыз жазды деп, ақынға жала жарқан 17 адамның хаты қандай хат?
Мен осының шындығын айтып берейін.
-Біз күнде болмаса да күн ара Мұхтар Шаханов ағамызға кіріп, Қытайдағы қандастардың қиын тағдырын айта бердік, айта бердік. Содан ол кісі әбден жаны күйіп, шыдамай 17 ұлт зиялысының қолын жинап “Екі жыл бойы Қытай қазақтарының мәселесін тек “Атажұрт Еріктілері” деген бір топ қана белсенді көтеріп келеді. Бұл үлкен мәселе, Қытай қазақтарын қорғауды жеке адамдарға беріп қойып қарап отырмай, мемлекет деңгейінде қолға алып, үкімет тікелей айналысуы керек”-деп Қытайдағы қандастар қамын ойлап, Президентке ашық хат жазды.
Жалақор, суайт Серікжан Бияштың айтып жүрген “Шаханов маған арыз жазды” деген өтірігі осы хат, бұл ешқандай арыз да емес, президентке жазылған “Қандастарды қорғаумен мемлекет айналыссын” деген ашық хат, бұл хатты сол кезде бірнеше ақпарат құралдары жариялаған. Бірақ жалақор, арсыз Серікжан беті бүлк етпей, мүлдем басқаша етіп айтып, “Шаханов маған арыз жазды” деп сайрап отыр. Ол хатта Серікжанның аты да, заты да жоқ! Ал ол кезде хатта аты аталған “Атажұрт Еріктілері” төрағасы мен едім.
2.Шын мәнінде Серікжан Біләш не үшін ұсталды?
Жауап: 2019 жылы наурыз айында Алматыда Ұйғыр ұйымдары “2005 жылы Қытайда болған Ұйғыр көтерілісін еске алу” жиналысын өткізеді. Оған мені де, Серікжан Біләшты да шақырған, мен бармадым, ал Серікжан сол Ұйғыр ұйымдарының жиналысына барып сөз сөйледі. “Біз Қытайға қарсы ЖИҺАТ жасаумыз кере! ЖИҺАТ! ЖИҺАТ!”-деп айғайлаған. Соған байланысты Алматы қалалық полициясы арыз түсіріп, ҰҚК қызметкерлері Серікжанды “Рахат Палас” қонақ үйінде жатқан жерінен ұстап, астанаға алып кеткен. Бұл туралы да ақпараттар телевизорда жарияланғанын білесіздер.
Серікжан Біләш ұсталғанда оған 174 баптың 2 тармағы, “Терроризімді нәсихаттады” деген айыптар тағылған. Бірақ ол ұстала салғанда, әдеттегідей бірден ҰҚК мен келісімге келіп, Аблиязовты жамандап, “Айналайын қандастар, Аблиязовқа ермеңдер, Митингіге шықпаңдар, Аблиязов сен арандатушысың, біз билікке қарсы шықпаймыз, билікті қолдаймыз”- деп ант су ішіп, биліктен кешірім сұрап, үйқамаққа ауысқан. Бұл билікті қолдап жазғаны барлық БАҚ-та жарияланды. Ал бізде 174 баппен ұсталғандардың бәрі әлі түрмеде жатыр.
3.Содан суайт Серікжан “Шаханов маған сотта куә болды” деп соғып, тағы бір өтірікті соқты!
Шаханов шынымен куә болса, сотта куәгермен беттестіретін еді ғой? Жоқ, оның айтып жүрген куә болды дегені - Серікжанды танитын адамдардан тергеуші Серікжан туралы ақпарат алу үшін алынған сұхбат, олар оны бәрінен, менен де алған. Бір күні полиция ДВД шақырып “Серікжанды қашаннан танисың? Қанша уақыт бірге жүрдің? Ол Қытайда не істеген?”-деген сияқты сұрақтар қойған. Мен ғана емес, “Атажұрттағы” талайынан алған. Бірақ ол оның үстінен арыз жазған адамның куәлігі емес қой! Мысалы, көшеде бір мәселе туындаса, полиция сол маңда болған, немесе тұратын адамнан куәгер ретінде сухбат алады, бұл да сол сияқты куә.
Қысқасы, Шаханов ешқашан Серікжанның үстінен арыз жазған да, куәлік берген де емес.
4. Серікжанның “Қытайдағы қандастардың жағдайын әлемге әйгілеген менмін” деп елді алдап жүргені - қып-қызыл өтірік!
2018 жылы қараша айының 5 күні біз Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары туралы жиналысына 3 адам қатыстық. Осы Қытайдағы қандастардың қиын жағдайын әлемге әйгілеген халықаралық жиынға Серікжан Бияш мың сылтау айтып бармай қалды. Сондықтан оның “Қытайдағы қандастардың жағдайын әлемге әйгілеген менмін” деп елді алдап жүргені - қып-қызыл өтірік!
Ол халықаралық жиынға барған біздің берген мәліметтеріміз бен суреттеріміз әлемнің барлық баспасөзіне жарияланды.
2018 жылы наурыз айынан 2018 жылы қараша айының 5 күніне дейін
мен Серікжан Бияшпен 8 ай өте жақын араласып, оны ертіп облыс-облыстан арыз жинап, ұзақ сапарларда бірге болып жүріп, өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естіген адам ретінде, Серікжан Бияштың шын мәнінде дос тұрмақ, туған әке-шешесіне, бала-шағасына опа бермейтін опасыз екенін, тіпті Құран ұстап тұрып шімірікпей өтірік айта беретін асқан имансыз екенін, әп-сәтте сөзінен тайып кететін асқан екі жүзді екенін, өзінің мүддесі үшін дінін де, ұлтын да сата салатын сатқын екенін жақсы біліп, 2018 жылы Желтоқсан айында “Атажұрт” ұйымын амалсыз оған тастап кеткен едім.
Қыдырәлі Оразұлы, «Атажұрт» ұйымының құрушысы, алғашқы төрағасы.