АҚЫННЫҢ АҚЫРҒЫ АМАНАТЫ ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ!

АҚЫННЫҢ АҚЫРҒЫ АМАНАТЫ ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ!

Әлемге әйгілі қазақтың ұлы ақыны, Тұран тұлғасы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұқтар Шаханұлының ақырғы аманаты орындалатын болды құдай қаласа. Ақын ата-бабасы жатқан киелі Отырар өңіріндегі қасиетті Арыстан бап кесенесі маңына жерленеді.

Марқұмды шығарып салу рәсімі ертең 21 сәуірде Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында сағат 9.00-де өтеді. Содан соң ақынды туған жері киелі Отырар ауданына алып кетіп, 22 сәуірде Арыстан баб кесенесінің маңындағы зиратқа қойылады.

Пейіште рухы шалқи бергей!

Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты