ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ҚАРАЛАУШЫЛАР КІМДЕР?
2026 ж. 16 ақпан
110
0
ЖАЛАҚОРЛАРҒА ЖАУАП
Кезінде Қазыбек Иса ұсынған “Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау” ұсынысына қарсы шыққан жалған “тіл жанашыры” Қуат Ахмет кім?
2020 жылы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті ашқан “Тіл қорғаны” чатында Қазыбек Исаның “Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек!”-деген ұсынысына, яғни, Қазақ тіліне қарсы шыққан Қуат Ахметов: “Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдаудың қажеті жоқ!” деп жазды чатқа. Осы Мемлекеттік тілді білу міндетті болатын заң шығуына қарсы болғаны үшін Қуат Ахметов Қазекеңнен қарсы сөз естіген сол кезде.
Қазыбек Иса: “Қуат Ахмет, сенің “Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдаудың қажеті жоқ!”-деген мынау кертартпа сөзіңді ешкім есітпесін. Әсіресе биліктегі шенеуніктер естісе, көктен іздегендері жерден табылып қуанып кетеді ғой. Әне, тіл жанашырларының өзі “Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдаудың қажеті жоқ!” деп жазып жатыр” деп үкіметте жатқан мемлекеттік тіл заң жобасын тоқтатып тастайды ғой! Екінші айтпа мұндай қазақ тіліне қарсы сөзіңді!”-деп қатты қайтарып тастады.
Бұған сол чатта отырған 100-ге жуық тіл жанашырлары куә болып, біз бәріміз Қазыбек Исаны қолдадық. Қуат әркімге тиісіп, орыс тілдерін араластырып сөйлеп, аудиолар сала бастағасын чат админі бірнеше рет ескерту жасап, бірақ Қуат тіл жанашырлары тобына іріткі салуды қоймағасын, оны админ чаттан шығарып тастады. Ал “Тіл қорғаны” чаты әлі жұмыс істеп тұр.
Арнайы органның тіл жанашырларының арасына әдейі қосқан арандатушысы Қуат Ахмет тапсырманы жақсы орындады. 2020 жылы Қазыбек Исаның ұйымдастыруымен “Қазақ үні” ұлттық порталында Конституцияның 7/2 бабын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етіп, ҚР Президентіне жазылған, 123 мың адам қол қойған (қазір 132 335 адам) Ашық хаттың екпінімен сол кездегі Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың кезінде министрлік Мемлекеттік тіл туралы заңның Тұжырымдамасы жобасын ҚР Премьер-Министрі А.Маминге өткізген еді. Үкімет Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жоспарға енгізіп, енді мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау ісі басталуға жақын қалғанда арнайы органның тапсырмасы бойынша “тіл жанашыры” Қуат Ахмет қазақша білмейтін қазақ министр, әкім, мемлекеттік қызметшілердің біреуіне де жоламай, жастары тіл үйренуден өтіп кеткенін біле тұра дүкендегі орыс кемпірлерге жетіп барып “Қазақ тілінде сөйле!”-деп, әкіреңдеп, шу шығарып, арандату жоспарын өте жақсы орындады. Бұл оқиғаға бірден Ресейден Кремль араласып, ақыры үкіметте жоспарға енгізілгелі тұрған Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы тоқтап қалды… Яғни, сексот Қуат Ахмет тапсырманы тастай етіп орындады.
Қуат “Арзан” сауда үйін де солай шу шығарып, сотқа берді. Сол кезде Қазыбек Иса бастаған тіл күрескерлері Қуатты қолдады. Қазекең қазақ тілінің мүддесі үшін Қуаттың Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауға қарсы шыққанын, содан екеуінің арасында шыққан дауды ұмытып, “Қуатқа қуат берейік” деп, “Қазақ үні” газетіне мақала жазып, жұртты сотқа қатысуға шақырды. Бірақ Қуат сотта жеңіліп қалды. Неге дейсіздер ғой? Өйткені Қуатқа кураторлары берген тапсырма бойынша оған сотта жеңу мақсат болмаған. Сол кезде оның адвокаты болған қазіргі қазақ тілінің ең белсенді күрескері, Конституциядан 9/2 бапты алып тастауды ұйымдастырушы белгілі заңгер, адвокат Мейірман Шекеев бұл туралы былай дейді. “Ол кезде Қуат Ахметов қазақ тілі мүддесін қорғаған істе сотқа арызды Ресей тілінде жазыпты. Өзі орысша сарнап тұр. Сот Қуатқа: “сен орысша жақсы білесің ғой, өзің орысша зуылдап тұрсың, арызды да орысша жазғансың, енді саған қандай тілдік кедергі болуы мүмкін бұл жерде?”-деп, істі сауда орталығының пайдасына шеше салды. Мен Қуат Ахметке “қазақ тілі мүддесі үшін болып жатқан сотқа не үшін арызды орыс тілінде жаздың?”-деп ренжіп едім, ол төмен қарап, көзі жыпылықтап, күмілжіп, ештеңе дей алмады. Сол кезде-ақ бірден Қуат Ахметовтың бұл күмәнді арандатушылық тірліктерінен күдіктеніп қалғанмын. Содан оған одан әрі адвокат болудың бос әуре екенін бірден сезіп, бас тарттым” дейді заңгер, адвокат Мейірман Шекеев.
Қуат Ахмет отбасымен тек орысша сөйлеседі. Оған дәлел желіде тарап кеткен видеосы. Егер видеодан түрлерін көрмесең, сөйлесіп тұрған Қуат пен әйелін орыстар екен деп қаласың.
Кейін Қуат Ахметтің арандатулары анықтала бастағасын, одан әрі сексоттық құпия қызмет ашылып қалатын болғасын, арнайы органдағы кураторларының “Сен қазір шетелге бара тұр, қаржыдан кемдік көрмейсің” деген нұсқауымен Украинаға кетті. Бармаймын деп айта алмайтын еді, өйткені ол кезде есепшотына қомақты қаржылар түсіп қойған еді…
Шетелге барғасын Қуаттың негізгі жұмысы Қазақстандағы тіл күрескерлерін, нағыз ұлтшылдарға жала жауып, жамандау болды. Бір кезде өзіне заңдық та, қаржылай да көмек беріп жүретін адвокат, заңгер Абзал Құспанды жиі қаралап жаза бастады. Өзіне ақпараттық қолдау көрсеткен Қазыбек Исаға да жала жауып, көптеген тіл күрескерлерінен жамандамаған адамы қалмады. Тіл күрескері, павлодарлық Диас Құзайырды да қаралап жазды.
Қуат Ахметовтың шетелде жүрген біраз уақытынан кейін есепшотына арнайы органдардың ұйымдастыруымен түскен ақша біте бастағанда, Қазақстандағы кураторларына “Қаржыға қарқ қылам деген уәделерің қайда” деп ренжігені де, әлеуметтік желіде жазылған.
Осындай Қуат Ахметов сияқты “Аңқау елге арамза молда болып жүргендер, шын мәнінде тілге қарсылар қазір Қазыбек Исаның сөзін бұрмалап, “орыс тілін қолдады” деп жала жауып отыр?!. Түкті түсінбейтін тобырлардың оған сеніп қалып жатқандары да бар. Яғни, Қуат Ахметовтың Қазыбек Исаның парламентте ешқандай орыс тілін қолдау туралы бір сөз де айтпағанын, қайта өзінің өмірлік ұстанымын тағы да білдіріп, “Конституцияда Мемлекеттік тіл мәртебесі айқын болуы керек!”-деген мәлімдемесін өте жақсы біле тұра, сол орыс тілін қолдау жайлы бір ауыз айтпағанына күйінңп кетіп, күйе жағуға кірісіп кетті. Қайсар ұлтшыл ақын Қазыбек Исаға бұл жала жабуынан Қуат Ахметовтың арнайы органдардың тапсырмасын орындап отырғаны айқын білініп қалды.
Қазыбек Иса орыс тілін қолдаған жоқ және ешуақытта қолдамайтынын да бүкіл ел жақсы біледі.
Бұл туралы белгілі журналист, қоғам қайраткері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы апайымыз өте күшті жазды.
“Қазыбек Иса парламентте қай кездегідей Қазақ тілін қолдады.
1.Қазыбек Исаның сөзінде “орыс тілін қолдаймын деген” бір ауыз сөз де жоқ қой! Сондықтан жала жабушылар дәлел ретінде ешқандай видео, үзінді сөз қоя алмай отыр. Видео, сөзінен үзінді сала алмайды да. Өйткені, салса, видеода Қазыбек Исаның парламентте айтқан «Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды тағы да қайталап айтамын!», «Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі міндетті болу керек». «Ата заңымызда Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі айқын болуы қажет!»-деген сөздерін ел көріп, жалақорлардың ол “орыс тілін қолдады” деген қып-қызыл өтіріктері әшкереленіп қалады.
Яғни, Ата заңда Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі айқын болуы керек деп, 9/2 бапқа қарсы шығып тұр ғой?!
2).100-ге жуық бабы, 320-дай тармағы бар Конституцияда Қазыбек Исаның Конституция комиссиясына жіберген 9 баптың 2 тармағын алып тастау туралы ұсынысы өтпегенмен, (ол парақшасы мен “Қазақ үні” сайтында тұр), өз партиясы “Ақ жолдың” басқа көптеген маңызды ұсыныстары өткенін неге қолдамасын?
Ол 9 баптың 2 тармағын қолдап тұрған жоқ қой бұл жерде?
3).Сендер өздерің Қазыбек Иса ұйымдастырған “Қазақ үні” ұлттық порталындағы Конституцияның 7/2 бабын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етіп, ҚР Президентіне жазылған, 132 335 адам қол қойған Ашық хатқа қол қойдыңдар ма? Жоқ, қойған жоқсыңдар! Яғни, саусақтарыңды да қимылдатқан жоқсыңдар! Тағы тіл туралы ақыл айтып отырсыңдар диванда жатып! Алдымен өздеріңнен бастаңдар!”-деп жазды үнемі шындық үшін шырылдап жүретін, сексенге келсе де сергек ойлы қайраткер апамыз Сәуле Мешітбайқызы.
Қуат Ахметов сияқты жалақорларға нағыз жауап осы болады.
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, “Жұмадағы жүздесу” газетінің бас редакторы, “Қазақ Елі” Халықтық қозғалысының төрағасы
Фейсбук парақшасынан