АТА ЗАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМІЗДІҢ МӘРТЕБЕСІ АЙҚЫН ТІЛГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК! - Қазыбек Иса
2026 ж. 09 ақпан
139
0
Парламентте бірнеше рет көтергендей, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек!
Қазыбек Иса парламентте қай кездегідей Қазақ тілін қолдады.
Қазыбек Исаның сөзінде “орыс тілін қолдаймын деген” бір ауыз сөз де жоқ қой! Сондықтан жала жабушылар дәлел ретінде ешқандай видео, үзінді сөз қоя алмай отыр. Видео, сөзінен үзінді сала алмайды да. Өйткені, салса, видеода Қазыбек Исаның парламентте айтқан «Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды тағы да қайталап айтамын!», «Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі міндетті болу керек». «Ата заңымызда Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі айқын тілге айналуы қажет!»-деген сөздерін ел көріп, жалақорлардың ол “орыс тілін қолдады” деген қып-қызыл өтіріктері әшкереленіп қалады.
Мен өзім ақын Қазыбек Исаның Парламентте мемлекеттік тілдің мүддесін қорғап сөйлеген сөзін түгел көрдім, қорытындысы мынандай:
1).”Бұрын Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды бірнеше рет ұсынғанмын. Осы парламент мінберінен Мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдауды тағы да қайталап айтамын!”-деп, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауға шақырып тұрғанын неге айтпайсыңдар, егер тілді қолдаушы болсаңдар, тілге қарсы емес?
2) “Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі міндетті болу керек!”- деп шегелеп айтты. Бұны неге айтпайсыңдар?
3).Ең бастысы сөзінің түйіні ретінде ”Қорыта айтарым, Ата заңымызда Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі айқын тілге айналуы қажет!”-дегенін неге, не үшін, қандай мақсатпен жасырып қалдыңдар?!. Яғни, «Ата заңда Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі айқын болуы керек» деп, 9/2 бапты өзгертуді айтып тұр ғой?!
4). Ал 100-ге жуық бабы, 370-тей тармағы бар Конституция жобасында Қазыбек Исаның «7 баптың 2 тармағын алып тастау» туралы Конституция жобасын қарайтын комиссияға жіберген ұсынысы өтпей қалғанмен, (ол ұсынысы фейсбук парақшасы мен “Қазақ үні” сайтында тұрғанына екі ай болды), “Ақ жол” партиясының басқа көптеген маңызды ұсыныстары Ата заң жобасына өткесін, жалпылама түрде неге қолдамасын өз партиясы ұсыныстарын? Қазыбек Иса парламентте тек өз атынан сөйлеген жоқ, «Ақ жол» партиясы фракциясы атынан сөйледі ғой. Ол 9 баптың 2 тармағын қолдап тұрған жоқ қой бұл жерде?
5). Сендер өздерің Қазыбек Иса ұйымдастырған “Қазақ үні” ұлттық порталындағы Конституцияның 7/2 бабын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етіп, ҚР Президентіне жазылған, 132 335 адам қол қойған Ашық хатқа қол қойдыңдар ма? Жоқ, қойған жоқсыңдар! Яғни, саусақтарыңды да қимылдатқан жоқсыңдар! Тағы тіл туралы ақыл айтып отырсыңдар диванда жатып! Алдымен өздеріңнен бастаңдар!
Қазыбек Иса 2011 жылы қоғамда, 2019 жылы Президент жанындағы Ұлттық Кеңесте, 2022 жылы парламентте Конституцияның 7/2 бабын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етіп, елді дүр сілкіндірген депутаттық сауал жасағанда қайсысың қолдап жаздыңдар?

Кілең еркектердің жалақорлардың айтағына еріп отырғанын көріп, әйел басыммен ердің сөзін, елдің сөзін айтуыма тура келді. Қазыбек Иса құсап қайсың, қай депутат тіл туралы осыншама жыл күрестіңдер? Қанша жыл болды, айқасып келе жатқанына.?!
"АЙТУҒА ОҢАЙ ". Азаматтың ұлттың мүддесін, қазақ тілінің мүддесін қорғап, жасаған 100 жақсылығын енді неге әдейі ұмытып кетіп жатсыңдар?
Бір үйде отырып, бір-біріңе қарсы шабуылдап не болды? Әттеген-ай, қайда барамыз?!
Аз қазақпыз, жауласпайық, ағайын!
Бірлігіміз керек, тыныштығымыз керек. Өмір осымен бітпес, тыныштық болсыншы айналайындар!?
Бәріміз Қазыбек Исаны тіл-дамуды емес, мін тағуды ойлап отырған "достардан, диван батырларынан "қорғап, оның «Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек» деген НАҚТЫ ҰСЫНЫСЫН қолдайық пікірлерімізді жазайық, таратайық!
Бірлік болғанда ғана тірліктің берекесі болады.
ПІКІРДЕ ТАЛАС ЖОҚ..!
МІНЕ "АТА ЗАҢ " жобасы бірнеше күн болды талқылануда. Оған қуанайық, халықтың немқұрайды қарамағаны.
Бірақ аз қазақ жауласпайық, арандап қалмайық, бір бірімізді балағаттап ауыр сөз айтпайық ертең көрісеміз.
Ұлы Абай бабамыз айтқандай "Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деп тегін айтқан жоқ. Бір біріміздің пікірімізді жазбамызды бейне таспамызды.. САБЫРМЕН асықпай оқып, зерттеп, зерделеңдер қарақтарым..!
Назарларыңа қарақтарым, БЕЙНЕ ТАСПАНЫ қайта қойдым.
КЕЙІНГІ ЕКІ ШАҚЫРЫЛЫМДА ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАЗЫБЕК ИСАДАЙ, КІМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖАНЫН БЕРІП, КІМ КӨТЕРДІ..?!!
СОНЫ КӨРІП, ЕСТІП, ГАЗЕТІМІЗГЕ БЕРІП ОТЫРДЫҚ.
БҮГІН ӨЗІМНІҢ АЗАМАТТЫҚ ПІКІРІМДІ ЖАЗУДЫ ПАРЫЗЫМ ДЕП ЕСЕПТЕДІМ..!
ЕЛІМ,ЖЕРІМ, ТІЛІМ АЛЛАҒА АМАНАТ...!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері