ТЫНЫШТЫҚТАҒЫ КҮРЕС

ТЫНЫШТЫҚТАҒЫ КҮРЕС

АМЕРИКА ТАРИХЫН ӨЗГЕРТКЕН ТӨРТ ҚАРА БАЛА

Керемет! Қазақтар тек қана өз тілінде сөйлеу акциясын осылай жасауға болады - ешқандай дау-жанжалсыз, айқайсыз, ешкімнен ешнәрсені талап етпей, ешкімге дауыс көтермей. Өзбекстан мен Балтық бойы елдері осылай тіл жеңісіне жеткен. Алла жар болсын! Ақ жол!

БӘРІНЕ ТЕК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕҢІЗ! 

ҚАЗАҚ ТІЛІ КІМГЕ КЕРЕК?

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БИЛІККЕ КЕРЕК ЕМЕС!

ИӘ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚ БИЛІГІНЕ ҚАЖЕТІ ЖОҚ!

Оған Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдамаған, Конституциясында 7- баптың 1-тармағын орындамау үшін әдейі 2- тармағын жазып қойған 30 жылдық дәуір дәлел! Ұлттық идеологиясыз, босқа өткен қайран уақыт!

ҚАЗАҚ ТІЛІ КІМГЕ КЕРЕК?ҚАЗАҚ ТІЛІ СІЗГЕ КЕРЕК ПЕ? ЖОҚ!

КЕРЕК БОЛСА, НЕГЕ СӨЙЛЕМЕЙСІЗ? 

Сіз НЕГЕ елімізде өмірбойы қатар өмір сүріп келе жатқан орысқа, украинға, неміске, кәріске, яғни кез келген диаспораға, этносқа, орыстілді қазаққа МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ - ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙСІЗ? ҚАЗАҚША СҰРАҚ ҚОЙМАЙСЫЗ?

ОЛАР ҚАЙ ТІЛДЕ СҰРАҚ ҚОЙСА ДА, ҚАЗАҚША ЖАУАП БЕРМЕЙСІЗ?

Міне, осы ӨЗ ЕЛІНДЕГІ ҚҰЛДЫҚ САНА 35 жылдан бері ҚАЗАҚ ТІЛІН КОНСТИТУЦИЯДАҒЫ ӨЗ БАБЫН ОРЫНДАТА АЛМАЙ КЕЛЕДІ!

Қазіргі өте әлсіз, Тәуелсіздікке дейінгі Кеңестік империя кезіндегі нұсқадағы тіл заңнамасының өзінде СІЗ ЕШКІМГЕ ОРЫС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ, ЖАУАП БЕРУГЕ МІНДЕТТІ ЕМЕССІЗ! Иә, дәл солай!

ҚАЗАҚ ТІЛІ СІЗГЕ КЕРЕК ПЕ?!

КЕРЕК БОЛСА, кез келген этносқа, диаспораға ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕҢІЗ? ҚАЗАҚША СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗ?

ОЛАР ҚАЙ ТІЛДЕ СҰРАҚ ҚОЙСА ДА, ҚАЗАҚША ЖАУАП БЕРІҢІЗ?

Тек ешқандай айқай-шусыз! Өзгелер түсінбесе, өздерінің соры! Талап етіп шу шығармаңыз, мемлекеттік тілде сұрақ қойып немесе жауап беріп, бұрылып кете беріңіз. Сіздің мемлекеттік тілде сөйлегеніңізге диаспоралар да өз тілдерін талап етіп, шу шығара алмайды. 

Біріншіден, ондай заң жоқ!

Екіншіден ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мәлімдеуінше “Ешкімді өз тілінде сөйлегені үшін кінәлауға болмайды!”

Бұл сөзді неге біз өзіміз үшін пайдаланбаймыз!? Геосаяси қиын жағдайда дипломат президент мұны мемлекет құраушы ұлт үшін айтып отыр емес пе?!.

ӘЛЕМДЕ ТЕК ҚАЗАҚСТАНДА ҒАНА ДИАСПОРАЛАР 35 ЖЫЛДАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУГЕ, СӨЙЛЕМЕУГЕ ҚАҚЫМЫЗ БАР ДЕП ҚАТЕ ОЙЛАП КЕЛЕ ЖАТЫР! ИӘ, БІЗДІҢ БЕЙДӘРМЕН БИЛІКТІҢ КЕСІРІНЕН!

АЛ СІЗДІҢ РЕСЕЙ ТІЛІН БІЛМЕУГЕ ТОЛЫҚ ҚАҚЫҢЫЗ БАР ҒОЙ, СОЛ ДҰРЫС, ЗАҢДЫ ҚАҚЫҢЫЗ БОЙЫНША ТЕК ҚАЗАҚША - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕҢІЗ!

Бұл әлемдік тәжірибеде жеңіске жеткізген тәсіл. Алыс елдерді айтпай-ақ, жоғарыда айтқанымыздай көрші Өзбекстан мен Балтық бойы елдері Литва, Латвия және Эстония осылай тек өз тілдерінде сөйлеп, ТІЛ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТІП АЛДЫ!

Біз бұл әдісті бұдан 10 жыл бұрын да айтқанбыз, ұсынғанбыз, ескерткенбіз!

Енді осылай істемесек - ҚАЗАҚ ТІЛІМІЗ КЕҢЕС ОДАҒЫ КЕЗІНДЕГІ БЕЙШАРА ХАЛІНЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ!

Ең бастысы, 2022 жылы 27 сәуірде Парламентте “Ақ жол” фракциясы бастап, депутаттық сауал жасағанымыздай, оны барлық фракцияның 41 депутаты қолдаған, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек! Ол үшін Атазаңдағы 7 баптың 2-ші тармағын алып тастау керек!

Бұл үшін “Қазақ үні” ұлттық порталында 2020 жылы алды әлемге әйгілі Ұлт зиялылары бастаған 132 мың 334 адам ҚР Президентіне Ашық хат жазып, қол қойған.

Ал жоғарыда айтқан біздің Мемлекеттік тіл туралы депутаттық сауалымызды еGov-тағы петицияда қолдап, қол қойғандар саны 500 мыңнан, яғни жарты миллионнан асып кетті! Бұл бұрын-соңды болмаған тарихи рекорд!

Ендеше, ел талабын талқылап жатқан Парламенттік реформа туралы жұмыс тобына біздің жасайтын ең ұтымды ұсынысымыз - Атазаңдағы 7-баптың 2-ші тармағын алып тастау керек!

Түбегейлі конституциялық өзгеріс, іс жүзіндегі жаңару - осы Тәуелсіздіктің ең басты талабы - мемлекеттік тіл туралы нақты өзгерістен басталуы керек!

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні