Кәрімбек Құрманалиев: "Қазақ үні" - ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан басылым

Кәрімбек Құрманалиев: "Қазақ үні" - ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан басылым

Елімізде “Қазақ үні” - ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Ұлт үнпарағына айналғанын қалың көпшілік жақсы біледі.

 Ширек ғасыр халық сөзін айтып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оның қолдану аясын кеңейтуде зор үлес қосып келе жатқанын да жалпы жұртшылық жоғары бағалайды. 

 “Мал иесіне тартады,

Сөз жүйесіне тартады” дегендей, газетке 20 жыл басшылық еткен, өзім “Мінезді депутат” деп айдар тағып, еліне етене жақын, Бас басылым - “Egemen Qazaqstan” газетінде жарияланған мақаламда ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның

“Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден” дегені Қазыбек Исаға қаратылып айтылғандай деп сипаттама берген едім…

  Ұлт мүддесіне келгенде үндемей қалмайтын мінезінен айырылмай, “Қазақ үні” жарқын шыға берсін! Мерейтой той құтты болсын, Қазыбек құрдас!

Кәрімбек Құрманалиев,

ҚР ҰҒА академигі