Жаңа ӨБК бойынша мұнай компанияларымен келіссөздерді бастадық — Олжас Бектенов

Жаңа ӨБК бойынша мұнай компанияларымен келіссөздерді бастадық — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ірі кен орындарының өнімін бөлу келісімін қайта қарау бойынша жаңа келіссөздер басталғанын айтып, осыған қатысты пікірін білдірді.

Премьердің айтуынша, республикалық бюджетке түсетін барлық салық түсімдерінің 70 пайызы ірі бизнестен түседі, бұл шамамен 15 трлн теңгені құрайды. Соның 6,5 трлн теңгеден астамы ірі мұнай жобалары бойынша төленеді.

— Ірі мұнай жобалары қандай шарттармен игеріліп жатқанына келсек, Өнімді бөлу туралы келісімде расында да ел мүддесі елеулі деңгейде шектелген деген пікір бар. Қазіргі таңда біз консорциум аясындағы әріптестерімізбен жаңа кезеңге арналған жаңа ӨБК (Өнімді бөлу келісімі) жасасу бойынша келіссөздер жүргізе бастадық. Әрине, мұнда еліміздің ұлттық мүддесін қорғайтын боламыз. Бірақ бұл қандай да бір келісімшарттарды дөрекі түрде қайта қарауды білдірмейді, себебі бұл өте нәзік әрі инвестициялық ахуалға айтарлықтай әсер ететін мәселелер. Сондықтан біз бұл жұмысты байыппен, ешқандай күрт әрекеттерсіз, мәселені ушықтырмай жүргіземіз. Бұл қалыпты келіссөз процесі. Жаңа айтқанымдай, біз еліміздің ұлттық мүдделеріне басымдық береміз, — деді О. Бектенов.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ірі кен орындарының өнімін бөлу жөніндегі келісімді тиімді әрі жаңа шарттармен ұзарту үшін келіссөздерді жандандыруды тапсырған еді.

Еске сала кетейік, «Ақ жол» фракциясы 2022 жылғы 22 маусымда Конституция бойынша референдум өтіп, жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екендігі туралы норма енгізілгеннен кейін бірден Үкіметке ӨБК шарттарын ашу және қайта қарау қажеттігі туралы депутаттық сауалжолдаған болатын.

«Ақ жол» фракциясы 2022 жылғы 15 маусымда Парламенттегі депутаттық сауалдарында ӨБК шарттарын (олардың әділетсіздігі расталса) ашу және қайта қарау талаптарын көтерген. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-dempartiias-kmetten-r-sheteldk-investorlarmen-mnaj-gaz-zhne-metall-resurstarn-ndru-tural-kelsmn-sharttarn-hal-aldnda-ashud-talap-ett), 12 сәуір 2023 ж.(https://t.me/peruash/8832), 2023 жылғы 2 мамырда Жер қойнауы туралы кодекске тиісті өзгерістер ұсынды, (https://t.me/peruash/8915) , 

Үкіметтің 2023 жылғы 7 маусымдағы бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде.(https://akzhol.kz/kk/blog/kmett-2022-zhl-biudzhett-atarlu-tural-esebne-atst-a-zhol-demokratiial-partiias-frakciiasn-stanm), 2023 жылғы 3 шілдеде Конституциялық сотқа жүгінді (https://t.me/peruash/9508), 2023 жылғы 13 қыркүйекте Жер қойнауы туралы кодексті талқылау кезінде (https://t.me/peruash/9848), 2023 жылғы 2 қарашада бюджет жобасын талқылау кезінде (https://t.me/peruash/10213), 2023 жылғы 8 қарашадағы депутаттық сауалында (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/dletsz-zhasalan-ken-orndar-kelsmdern-zasz-dep-sanajmz), 2024 жылғы 29 сәуірде Мәжілістегі үкімет сағатында (https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashevt-2024-zhld-29-surnde-mzhlste-ndrs-zhne-rls-ministr-sharlapaevt-atsumen-zhaa-ndrstk-saiasat-bojnsha-tken-kmet-saatnda-sjlegen-sz), 2024 жылғы 13 маусымдағы депсауалында (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/el-bajl-eshkmn-ata-babasnan-alan-mras-emes ), 2024 жылғы 30 қазанда бюджет жобасын талқылау кезінде.(https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-frakciias-2025-2027-zhldara-arnalan-biudzhet-zhobasn-oldamad), және т.б.

Сонымен қатар, 2023 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса сол кездегі ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа жолдаған еліміздегі стратегиялық кен орындарымен жасалған құпия келісімшарттарды қайта қарау туралы “Ақ жол” фракциясы депутаттық сауалын жариялады. "Мұнай келісімі Назарбаев үшін зор келісім болған шығар, халыққа қор келісім болды" деген тақырыппен аталмыш сауал "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде жарияланған.