Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң шығару керек - депутат

Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң шығару керек - депутат

Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Жигули Дайрабаев азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң шығару керектігін айтты.

Бұл туралы депутат ulys.kz  тілшісіне берген сұхбатында айтты.

- Ең басты екі жобамыз бар деп айтқан едім жоғарыда. Бірі фермерлердің арзан қаражатқа деген қажеттілігін шешуге бағытталған Агробанк құру болса, екіншісі Қазақстанды аграрлы державаға айналдыруды көздейтін азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң шығару. Екі жобамызды қатар алып келеміз. Заңдардың мәтіні мен концепциясы дайын. Дәл осы шақта соларды қауымдастықтармен талқылап жатырмыз. Әзірше беталысымыз жаман емес сияқты.