ҮЛКЕН ТЕННИСТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЛКЕН ТЕННИСТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

       Түркістан қаласыда кезекті республикалық жарыстың жеңімпаздары анықталды. Үлкен теннистен қала әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған жарысқа республиканың әр аймағынан жиналған 70-ке жуық жасөспірім спортшы қатысты.

           Байрақты бәсекеде Шымкент, Астана, Түркістан қалалары мен Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарынан жиналған спорт саңлақтары бақ сынады. Теннис кортында өткен жарыстың жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы марапаттады.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында қыздар арасында Ясмина Болат, Дурдана Дауранова, Сильвина Ирискулова жеңіс тұғырына көтерілді. Ұлдар арасынан Бақытжан Мухаддас, Ратмир Аглиулин, Руслан Маратжан үздік шықты.