БАЛАЛААРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БАЛАЛААРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысында балаларды қорғауға, қолдауға арналған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осындай игі шараның бірі балалардың дамуына бағытталды. Соның бірі –Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өткен «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» ақция-байқауы. Онда әр ауданнан облыстық финалға жолдама алған 18 бала сынға түсті. Байқау барысында қатысушы балалардың қиялынан туған ертегілер басылған жинақтың тұсауы кесілді.

          Үш кезең бойынша сайысқан қатысушыларға «Қызмет» газеті ЖШС директоры, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова, журналист, профессор, композитор Бекжігіт Сердәлі, «Turkistan» телеарнасының продюсер Ұлмира Тоқсанбаева, ұстаз Әсел Бимырзаева, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова төрелік етті.

        Байқау қорытындысы бойынша мақтааралдық, жетісайлық, түркістандық және қазығұрттық қатысушы арнайы номинация иеленді. Үшінші орынды Келес ауданының қатысушысы Икрам Ерсұлтан иеленіп, Түркия еліне саяхатқа жолдама алды. Екінші орынға көтерілген түлкібастық Кулиева Лала Грузия еліне жолдамаға ие болды. Бірінші орын иесі төлебилік Жақсылық Думанға Дубайға жолдама бұйырды. Ал, бас жүлде иесі Балтабек Мерейге Тайланд еліне жолдама және «Фараб» кітапханасының арнайы 30 мың теңге ақшалай сыйы берілді. Барлық қатысушыға ҚР Оқу ағарту министрінің алғыс хаттары табысталды.

       Отырар ауданынан келген қатысушы Баянбай Ақерке демеуші Батырбек Көшербайдың арнайы степендиясының иегері атанды. Бәйдібек ауданының намысын қорғаған Шырынбек Жайна композитор Бекжігіт Сердәлінің арнайы сыйлығына ие болды. Қазылар алқасының мүшесі Ұлмира Нұрмаханқызының арнайы ақшалай сыйлығы ордабасылық Жолдас Інжуге бұйырды. Ұстаз Әсел Бимырзаеваның арнайы сыйына Саурандық Төлеу Думан ие болды. Жанат Сәдібекқызының арнайы сыйы «Алтын Самрұқ» театрына жолдама және «Түркістан» 3Д кітабы барлық қатысушыларға табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушы «Ақылдым» журналына 6 айға жазылымға мүмкіндік алды. Айта кетейік, Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы бірлесіп ұйымдастырған аталған байқау сәуір айынан оқырманға жол тартқан болатын.