КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аналар біздің қоғамдағы барлық құрметке лайықты тұлға. Өйткені олар дүниеге перзент әкеліп, еліміздің демографиялық қал-ахуалының жақсаруына ықпал етеді. Осындай ардақты аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев көпбалалы аналарды қабылдап, қала әкімінің құттықтауын жеткізді. 

          Жиында алғы сөз алған Мекенхан Қозыханұлы аналардың өмірдегі рөлі мен жас ұрпақ тәрбиелеуде жасаған еңбектерін атап өтіп, алғысын білдірді.

Жалпы, Түркістан қаласында 14542 көп балалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 716 болса, «Күміс алқа» иегерлері – 2553-ны құрайды. Ал, «Ана даңқы» 1,2 дәрежелі –101, «Батыр ана» -69. Бұл салтанатты шарада 14 ана ҚР Президентінің жарлығымен тағайындалған төсбелгімен марапатталды.