Федерацияның жұмысы жас спортшыларды қолдау ма, қорлау ма?

Федерацияның жұмысы жас спортшыларды қолдау ма, қорлау ма?

Астананың эстетикалық топтық көркем гимнастика федерациясына балалардың болашағынан, жеке мүдделері маңызды ма?

Елордадағы "Изумруд" көркем гинастика мектебінің негізін қалаушы, RG жоғары категориялы жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші, спорт шебері Меруерт Балғынбаева Астананың жас гимнастшылары Федерация тарапынан негізсіз шектеулерге тап болғанын айтып, үндеу жариялады.

- Соңғы төрт жыл ішінде "Изумруд" гимнастика мектебі аталмыш спорт түрін белсенді түрде дамытумен айналысып келді. Біздің гимнастшылар ҚР чемпиондары атанып, Сингапурде өткен төрт континент чемпионатының жеңімпаздары атанған. Төрт жыл бойы біздің спортшылар ҚР ұлттық құрамасына мүше болып келеді. Жоғары жетістіктерге қарамастан, біз жас гимнастшыларға спорттық разрядтарын бере алмай келдік. Себебі, спорттың бұл түрі біріңғай спорт классификациясына енбеген. Нәтижесінде, 2022 жылдың 1 желтоқсанында біз Федерацияға жұмысымызды тоқтатанымызды хабарладық. Екі айдан кейін бізге спорттың бұл түрі біріңғай спорт классификациясына енгені туралы хабарланды. Біз Федерацияға хат жазып, мектебіміз, эстетикалық гимнастика бөлімі жұмысын жандандыратынын айтып, хат жолдап, балаларға лайықты разрядтарын бергіміз келетінін жеткіздік, - дейді М. Төлегенқызы.

Алайда, Астананың эстетикалық топтық көркем гимнастика федерациясы бұл өтінішті мақұлдамаған.


Федерацияның жұмысы жас спортшыларды қолдау ма, қорлау ма?

Ел біріншіліктері болсын, әлемдік додаларда болсын, топ жарып, Қазақстан намысын қорғап жүрген жас гимнастшылар неге өздерінің маңдай терімен қол жеткізген разрядтарын ала алмай отыр?

Неліктен, "Изумруд" көркем гимнастика мектебі 5 жылға шеттетіліп, оның бапкерлік құрамы семинарлар мен тренингтерге жіберілмей жатыр?

Осы мәселеге ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің, "Ақ жол" демократиялық партиясының парламенттік фракциясының, Көркем гимнастика федерациясының, Астананың эстетикалық топтық көркем гимнастика федерациясының, Астана қаласы әкімдігінің назар аударуын сұраймын.

Азамат Тасқараұлы,

"Қазақ үні" ақпарат агенттігінің бас редакторы