Жасұлан Иса: Көші-қон бағдарламасы құрылуы керек

Жасұлан Иса: Көші-қон бағдарламасы құрылуы керек

Белгілі тіл күрескері Жасұлан Иса бір мандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер. Бұған дейін «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде қоғам белсендісінің мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты бірқатар өткір мақалалары жарияланған. Сайлауалды үгіт-насихат аясында Жасұлан Исаның елге ұсынып отырған бағдарламасынан үзінді жариялауды жөн көрдік. 

Атап өтейік, Жасұлан Исаға Астана қаласының №1 сайлау округінде (Алматы, Байқоңыр аудандары) дауыс бере аласыз. 

***

Заңгер болған соң, барлығын құқықпен байланыстырады екен деп ойламассыздар. Құқық та, Заңмен жүреді ғой. Ал, Заң, Заңмен ғана реттеледі. Міне сондықтан, құқықтық салаға тоқтап, оны жетілдіретін жолдарын да қарастыруымыз керек. Құқықтық сала десек, Конституциялық құқықтан бастап, азаматтық құқық, еңбек құқығы, жеке құқық, жер құқығы, қылмыстық құқық, бар құқықтардың барлығы шығады. Ал, енді, қай жағынан қарасақ та, мәз емеспіз. Мойындайықшы. Сондықтан, құқықтық салаға да өзгеше көз қарас керек. Ал, енді, Заңның бұзылмауымен бірге, орындалуын кім қадағалауы керек? Әрине, прокуратура! Заң жұмыс істеуі үшін, бірінші болып прокурор қозғалуы керек! Іске, соңғы нүктені қоятын сот болса, осы жерден, сот жүйесін де қоса кетуіміз керек болады. Кейде, айдан анық, түгелі дәлелдер келтірілген, нүкте ғана қойылып, жабылатын істердің өзі, аудан сотынан, қалалық соттан өтіп, созылып отырып жоғары соттан бірақ шығады. Бұны қалай түсінеміз? Бұл жерге, кінәсіз сотталып кетіп жатқандарды да айтатын болсақ, бір мүдделілер әсер етпейді ме екен деген ой да келеді. Айтайын дегенім, Прокурор мен Сот әділ болатын болса, қарапайым адамдардың мүдделері заңмен қорғалып, олардың құқылары да жан жақты қорғалатын болар еді. Әкім-кәкімдер де, еш қайда кетпейтін еді. Коррупциямен күресті де, әділ прокурор мен әділ сот жүйесін жасақтап барып бастаумыз керек. Соңғы нүктені қоятын сот болса, сол нүктені нық қою үшін, соттың өзі ешқайда/ешкімге тәуелді болмауы керек. Бұл да ескерілетін нәрсе.

Көші-қон мәселесі де, нақтырақ айтсақ процестері, көңілімнен шықпайды.

Бүл мәселені де, жоғары қоюымыз керек. Кезінде, түрлі себептермен елден кеткен ата-бабаларымыздың ұрпақтары, Тәуелсіздік алған 1992 жылдары, қуана опыр-топыр болып тарихи отанына ағылып қайта келген кезде, сол келген қазақтардың саны 106 мыңға жетіп қалған еді. Жыл сайын азайып отырып, өткен 2022 жылы Қазақстан Республикасы азаматтығын алған қандастарымыздың саны 17.5 мыңға ғана жетті. Отаным деп келіп алып қиналып жүргендері де қаншама. Неліктен, қандастарымыздың елге оралып, қоңыстануыларында, осыншама қиындықтар туындап жатқанын, жақсылап барлығы зерттеліп қаралды ма? Қазіргі таңда, шетелде жүрген қандастарымыздың саны 6,5 миллион екен. Мына жүріспен, отанын аңсап, елге қайтқысы келіп жүрген талай қандасымызды үміттен айыруымыз мүмкін ғой. Көші-қон арқылы азаматтық алып жатқан басқа да ұлт өкілдері бар. Оларға жасалып жатқан ерекше жеңілдіктерді де байқадық. Елден кетіп жатқан азаматтарымыздың тіршіліктері, олар да ойландырады. Төл құжаттағы ата-тегіңді қазақи қылып қайтарып, өзгертілуінде де көптеген тосқауылдар жасалады. Неге? Жауапты мамандардың сауатсыздықтарынан ба? Жоқ, біз білмейтін басқа да нәрселер бар ма? Көші-қон мәселесін Мемлекетіміздің дамуына үлкен үлесін қосатын мәселеге айналдыруымыз керек. Жақсылап отырып бағдарлама құрылып жұмыс жүргізілуі керек. 

Тәуелсіздік алдық деп ел қуанып жатқан кезде, кей бір азаматтарымыз елді тонаумен жүрген екен. Енді, басқаша қалай айтуға болады? Кеткен қаражатты қайтару үшін, нақты жұмыстар жасалынып, бар күшімізді салуымыз керек деп есептеймін! Қайтару жолдарын, жан-жақты қайта қарастыру керек. Қалай? Қандай жолдармен? Тағы, кімдерден жауап алуға болады? деген сұрақтармен, ештеңеден жасқынбай, барлығы ашық қаралатындай жұмыстар жасалуы керек. Өйткені, сол қаражатпен, біз талай жыртығымызды жамайтын едік. 

* ҚР Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат Ж. Исаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленді