Жасұлан Иса: Қай салада болмасын, алдымен қазақ тілді мамандарды көтеру керек!

Жасұлан Иса: Қай салада болмасын, алдымен қазақ тілді мамандарды көтеру керек!

Белгілі тіл күрескері Жасұлан Иса бір мандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер. Бұған дейін «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде қоғам белсендісінің мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты бірқатар өткір мақалалары жарияланған. Сайлауалды үгіт-насихат аясында Жасұлан Исаның елге ұсынып отырған бағдарламасынан үзінді жариялауды жөн көрдік. 

Атап өтейік, Жасұлан Исаға Астана қаласының №1 сайлау округінде (Алматы, Байқоңыр аудандары) дауыс бере аласыз. 

***

Мемлекеттік қызметке орналасу кезеңдері де, көз бояушылыққа толы. Осыны да айтып келетініме бір неше жыл болды. Нақты, Қазтесті алайық. Тесті орыс тілінде тапсыратындар, қазақ тілінен қойылған сұрақтардың біреуіне де жауап бермей-ақ өтіп кете береді. Бұл, көз бояушылық емей, не енді? Осыдан, бір бес жыл бұрын мен өзім осыны зерттеп барып, Премьер Сағынтаев, Бас прокурор Қожамжаров, Мемлекеттік істері басшысы Шпекбаевке хат жазған болатынмын. Біреуінен де, дұрыс жауап алмадым. Байменовтың алдына барып тұрып сұрақ қойдым. Неше жыл өтті? Тестілеуге, қазақ тілінен қойылатын сұрақтарға, үш өтпелі жауап қоюға болатын еді ғой. Жоқ. Түк өзгеріс жоқ. Және те, қазір тестілеуде керексіз, ескірген, мағынасы келмейтін сұрақтардың да болуы мүмкін. Сондықтан, қайта қаралып, жаңадан жасақталуы керек! Шымшық сойса да, қасапшы сойсын демекші, әр саланың да өзінің кәсіби маманы болып, сол маман басқаруы керек. Бұнымен де көпшілік келіседі деп ойлаймын.  Мамандығы жоқтар, нағыз мамандарды басқарып отыз жыл жүрдік емес пе? Бүны тоқтату керек! Сосын барып, қай салада болмасын, алдымен қазақ тілді мамандарды көтеру керек! Қолдау керек! Сондай-ақ, әр қайссының мемлекетшіл болуын арттыру керек!

Еске сала кетейік, Жасұлан Иса бұған дейін Мемлекеттік Қызмет істері агенттігіндегі Мемлекеттік тілге қатысты күрделі мәселені көтерді. Оның айтуынша, агенттікте тапсыратын тестілеулерде қазақ тілі "формальді" түрде ғана қолданылады. Оған ешқандай баға қойылмайды.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде  «Жасұлан Иса: ҚАЗАҚ ТІЛІ - НӨЛ! Мемлекеттік қызмет үшін МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚҰНЫ ЖОҚ ПА??!» атты мақала жарияланған. 

Атап өту керек, 2018 жылы Астана қаласындағы №2 қалалық ауруханада емделуші «құқығының тапталғанын» айтып тіл күрескері Мұқағали Балқыбай Facebook парақшасында жазба қалдырған. Құлағына операция жасатып, кейін палатаға ауыстырылған Мұқағали Балқыбаев аурухана ішінде мемлекеттік тілдің қорланғанын айтып, ол туралы «Қазақ үні» алғаш жазған еді.

«Қазақ үні» мен Жасұлан Исаның араласуынан кейін қоғамдық резонанс туындап, Астана қаласындағы атышулы №2 аурухана басшылығы қазақ тілін қорлағандарын мойындап, халықтан да, емделуші Мұқағали Балқыбаевтан де кешірім сұраған.

* ҚР Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат Ж. Исаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленді